Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ. Захаровтың «зары»
Өткен аптада көрші Ресейдің «Шетелдегі отандастарға қатысты Ресейдің мемлекеттік саясаты туралы» заңға өзгерістер енгізуі, Ресейден тысқары жерде өмір сүріп жатқан орыстардың арасында үлкен пікірталас туғызды.
Өткен аптада көрші Ресейдің «Шетелдегі отандастарға қатысты Ресейдің мемлекеттік саясаты туралы» заңға өзгерістер енгізуі, Ресейден тысқары жерде өмір сүріп жатқан орыстардың арасында үлкен пікірталас туғызды.
Ресейдің «REGNUM» агенттігіне сұхбат берген Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Юрий Захаров өз сөзінде Ресейдің сыртқы істер министрлігінің жұмысын сынға алыпты. Захаровтың пайымдауынша, Мәскеу Қазақстандағы ықпалын сақтап қалу үшін ештеңе істемей отырған көрінеді. Ресейлік журналистің «Неге Қазақстандағы орыс ұйымдары орыс тілінің мәртебесін көтеруге атсалыспайды? Бұл Ресейдің міндеті емес қой» деген сауалына «Всему свое время. Мы только закончили обсуждать национальную доктрину. И вызвали нездоровый ажиотаж в обществе. Наше общество не готово к кардинальным решениям, да и время не пришло. Такие вопросы ставятся перед очередными выборами президента республики. До них остается 2 года. За 2 года Россия должна, если это нормальное государство, которым руководят здравомыслящие люди, патриоты, максимально поддержать русских людей в Казахстане. Построить им культурные центры, дать денег на бизнес. Я такой вариант много раз предлагал» деп жауап беріпті.
Десек те Захаровтың ашқан «сенсациясы» мұнымен бітпейді. Оның ойынша, қазақ халқы орыс болмаса, өз мемлекетін де құра алмайды екен. Ол былай деді: «Мы здесь многое испытали на себе за 20 лет. Был даже оголтелый национализм первых лет. Методом проб и ошибок, методом споров, мы пришли к пониманию того, что все мы в одной лодке. Что казахи без русских свое государство не построят. Чтобы построить самим, им нужно нарожать еще 18 миллионов. Президент понимает, что русские - это клейкая масса между жузами. Она не дает возможности оголить шашки. Вот в этой логике и надо двигаться. Все у нас получится. Лишь бы нам не мешали, в том числе и из РФ. Им надо четко осознавать - казахи, получив суверенитет, никогда не будут строить здесь Россию. В противном случае, смысл суверенитета теряется. Но те 35% русских, которые сегодня здесь проживают, должны иметь национально пропорциональное представительство в органах власти, оговоренное законом. И не для того, чтобы президент периодически бил какого-нибудь чиновника по голове за явные перекосы в национальной политике. Это должно быть прописано в законе, в конституции и во всех подзаконных актах: если есть 30% русских, их должно быть 30% во власти» («Казахи без русских свое государство не построят» 2010 г. октябрь).
Біз өз тарапымыздан Юрий Филиповичпен байланысқа шығып, аз-кем сұхбаттасуға тырыстық:
- Юрий Филипұлы, сіз Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесісіз. Ресейлік ақпарат агенттігіндегі пікіріңіз өз ұстанымыңыз ба, әлде?..
- Менің ұялы телефонымның қуаты бітіп тұр. Сіз маған түстен кейін хабарласыңыз.
- Сіз мүше болып отырған Ассамблея Қазақстан билігінің ықыласынан кенде емес. Сіздерге Президент сенеді. Бірақ солай бола тұра, «Қазақтар орыстарсыз мемлекет құра алмас еді» деген байламға тоқтадық» дейсіз.
- Мен сұхбатта оғаш нәрсе айтқаным жоқ. Тек Ресейдің Сыртқы істер министрі біздің жұмысымызға көңіл бөлмейді дегенім рас.
- Ол қаншалықты қажет? Сіз Қазақстанның азаматысыз ғой.
- Мен асығып тұрмын. Сіз маған түстен кейін хабарласыңыз... (түстен кейін)
- Сіз менің түстік асымды ішуге мүмкіндік бермей отырсыз.
Сейтқазы МАТАЕВ, Қазақстан журналистер одағының төрағасы:
- 90-жылдардың басында БАҚ беттерінде осы сынды пікірлер жарияланатын. Себебі түсінікті. Жас тәуелсіз елміз. Сырткөз бізге «күні ертең Қытайдың пышағынан қорқып, Ресейдің құшағына тығылады» деп сынап қарады. Бірақ сондай дөң айбат мақалалардың басым көпшілігіне Президент Әкімшілігі тарапынан тойтарыстар берілді. Естеріңізде болса, қазақ тұзының дәмін татып, топырағынан сырт айналған Жириновский қазақтың «қара тізіміне» ілініп қалғанын сырт көз ұмытқан жоқ.
Захаровтың жұмыс орны - Қазақстан халқы ассамблеясы. Ол қоғамдық бірлестік. Ондай ұйымдардың тұтас мемлекеттің атынан пікір білдіруге және көрші елдің СІМ ведомствосына сын айтуға құқы жоқ. Себебі Ресей мен бізді сан ғасырлық тату көршілік жалғастырып тұр. Бірақ бұл «Қазақстан Ресейсіз мемлекет бола алмайды» деуге құқық бермейді. Айталық, Ассамблея төрағасының тағы бір орынбасары Ералы Тоғжанов «Қазақ орыссыз да мемлекет құрады, біз ұлттық мемлекетпіз» деп ашық айта ала ма? Жоқ. Демек, әріптесі айта алмайтын пікірді Захаров айтып отыр. Ал біз өз тарапымыздан «Захаровтың пікірі дұрыс» дей алмаймыз.
Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:
- «Қазақстан Ресейсіз мемлекет бола алмайды» деу, биліктегі орыстардың үлес салмағын арттыру, өздерін қолдайтын елеулі күштің барын бүкпесіз жеткізу - орыс қауымдастығы әрекетінің айқын белгісі! «Захаровтар» осындай ойды Түркияда немесе Балтық жағалауы елдерінің бірінде айта алмайды. Қазақ орысқа дейін де өз мемлекетін құрып, дамыған, күшейген ел болды. Беріден алғанның өзінде, Керей мен Жәнібек Қазақ мемлекеттілігін құрған кезде орыс қайда болды? Бізге мұндай пікір жаңалық емес. Себебі ұлт зиялылары бас қосқан жиындарда менің мұндай пікірлермен бетпе-бет келетін кездерім көп.
«Қазақ қоғамы осы тақылеттес пікірлер тыйылды» деп арқа-басын кеңге салғандай күн кеше бастағандай еді. Мына пікір дөп кезінде айтылды ма деймін. Олай дейтінім, Захаров пікірі қалғып кеткен қазақтың санасын оятқандай болды.
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ
«Айқын» газеті