Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2231 0 пікір 16 Қазан, 2010 сағат 06:20

Ресей КО аясында ұлттық заңнаманы бірыңғайландыруды ұсынады

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Кедендік одақ (КО) аясында ұлттық заңнамаларды бірыңғайландыру керек. Мұндай ұсынысты Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен оның беларусиялық әріптесі Сергей Сидорский Ресей Федерациясының үкімет төрағасы Владимир Путиннен КО-ға қатысушы мемлекет басшыларының кездесуінде алды.

«Ұлттық заңнамаларды бірыңғайландыру бағытында жылжу керек деп есептеймін. Бұл ретте ортақ құқықтық кеңістікті қалыптастыруда біздер ең озық әлемдік тәжірибеге, үлгілер мен нұсқаларына бет бұруымыз керек», - деген В. Путиннің сөзін ресей үкіметінің ресми сайты хабарлайды.

Бұрын хабарланғандай, КО құрған соңғы интеграцияның келесі екінші кезеңі – «тауарлар мен қызметтердің, капиталдар, жұмыс күштерінің еркін айналысы болатын, үйлестірілген валютасы мен макроэкономикалық саясаты бар Біртұтас экономикалық кеңістік құру».

Қазіргі кезеңде жоғарғы дайындықта 5 келісімшарт дайын: үйлесімді макроэкономикалық саясат туралы, бәсекелестіктің біртұтас ұстанымдары мен ережелері туралы, мемлекеттік сатып алулар туралы, ауыл шаруашылығын қолдаудың бірыңғай ережелері туралы, өнеркәсіптік субсидияны берудің бірыңғай ережелері туралы.

КО үкімет басшыларының жұма күнгі Мәскеудегі кездесуінде әңгіме электрэнергетика, мұнайгаз саласындағы және теміржол көлігіндегі жұмыс принциптері туралы әңгіме болды, делінген ресейлік премьер-министрдің сайтында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502