Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2769 0 пікір 16 Қазан, 2010 сағат 12:53

Ғалымжан Елшібай. Оңтүстiктiң полициясы қашанғы отпен ойнайды?

Inkar2003@mail.ru

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қ. Мәмидiң,

Iшкi iстер министрi С.Баймағанбетовтiң назарына!

 

Алимжан Азадов 17 жасар Әзиз Мәжиттi шолақ мылтықпен атып, ауыр жараласа, оның сыныптас досы Нұржанды аяусыз ұрып-соққаны, ұялы телефонын тартып алғаны аздай, өлiмшi халде христиандардың моласына апарып темiрмен бастырып кеткен. Ерегiс Алимжанның Нұржаннан «есеп алуынан» басталып, оған Әзиздiң араша түсуiнiң ақыры осындай оқиғаға апарып соққан. Жарық дүниеден атар таңдары, татар дәмдерi таусылмаған екен, екеуi де ажал тырнағына iлiкпей аман қалған. Естiген елдiң жағасын ұстатқан сұмдық оқиға биылғы 1 шiл­деде Шымкент қаласының аумағындағы Қайтпас ауылында түнгi сағат он екiнiң шамасында болған.

 

- Ауыр жараланған ұлым Әзиз облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөлiмiнде әрең есiн жиды. Әупiрiммен ажалдан аман қалды, әйтеуiр. Жарақаттан бiр бүйрегiнен, қара бауырынан айырылды. Оқ түйiршiктерi өкпеге де зақым келтiрген. Сол себептi ауа жетпей қысылып қала бередi. Бүгiнде ауруханадан шықтық деген атымыз болмаса, екi күннiң бiрiнде жедел жәрдем шақыртуға мәжбүрмiз.

Inkar2003@mail.ru

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қ. Мәмидiң,

Iшкi iстер министрi С.Баймағанбетовтiң назарына!

 

Алимжан Азадов 17 жасар Әзиз Мәжиттi шолақ мылтықпен атып, ауыр жараласа, оның сыныптас досы Нұржанды аяусыз ұрып-соққаны, ұялы телефонын тартып алғаны аздай, өлiмшi халде христиандардың моласына апарып темiрмен бастырып кеткен. Ерегiс Алимжанның Нұржаннан «есеп алуынан» басталып, оған Әзиздiң араша түсуiнiң ақыры осындай оқиғаға апарып соққан. Жарық дүниеден атар таңдары, татар дәмдерi таусылмаған екен, екеуi де ажал тырнағына iлiкпей аман қалған. Естiген елдiң жағасын ұстатқан сұмдық оқиға биылғы 1 шiл­деде Шымкент қаласының аумағындағы Қайтпас ауылында түнгi сағат он екiнiң шамасында болған.

 

- Ауыр жараланған ұлым Әзиз облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөлiмiнде әрең есiн жиды. Әупiрiммен ажалдан аман қалды, әйтеуiр. Жарақаттан бiр бүйрегiнен, қара бауырынан айырылды. Оқ түйiршiктерi өкпеге де зақым келтiрген. Сол себептi ауа жетпей қысылып қала бередi. Бүгiнде ауруханадан шықтық деген атымыз болмаса, екi күннiң бiрiнде жедел жәрдем шақыртуға мәжбүрмiз.

Өзiм мектепте мұғалiммiн. Екi үлкен ұлым намаз оқиды. Ағаларына қарап бой түзейтiн Әзиз де кейiнгi кезде имандылық жолына бет бұра бастаған едi. Жұма намаздан қалмайды. Өлiм аузынан қалардай ол Алимжанға не жазды? Не үшiн атты? Еш­қандай жазығы жоқ, төрт мүшесi сау балаға осыншама қастық iстердей не көрiндi? - дейдi ашынған анасы Несiпкүл.

Несiпкүл Әбдiғаппарова Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Низамеддин Жамашевтың 21 қыркүйек күнi шығарған қаулысын көрсеттi. Қаулы Алимжанды сырт­тай қамауға алуға қатысты санкция болып шықты. Онда не жазылғанын сөзбе-сөз келтiрейiк:

«15.09.2010 жылы А.Азадовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнiң 24-бабы 3-бөлiмi, 96-бабы 2-бөлiмiнiң «е» тармағымен айып тағылып, бұлтартпау шарасы «қамауға алу» бұлтартпау шарасын қолдануды сырттай санкциялауға тiлек қозғалған.

ОҚО IIД тергеу бөлiмiнiң тергеушiсi  А.Рсымбетов қылмыстық iс бойынша прокурор қолдаған өтiнiшiнде, айыпталушы А.Азадовтың бостандықта жүрiп қылмыстық әрекетiн одан әрi жалғастыратынын, тергеуден бой тасалап жүргенiн, өзiнiң тұрғылықты аумағынан шығып кетiп, қазiргi таңда оның қай жерде жүрген­дiгiн анықтау мүмкiн болмай отырғанын, оған қоса жасаған қылмысының аса ауыр екендiгiн көрсетiп, оны қамауға алу жайлы бұлтартпау шарасына сырттай санкция берудi сұранған».

Сот тергеушiнiң өтiнiшiн қанағаттандырып, айыпталушыға ұсталған күннен бастап екi ай мерзiмге сырттай қамауға алу бұлтарпау шарасына санкция бергенi дұрыс-ақ. Алайда оқыс оқиға 1 шiлде күнi болса, қылмыскерге арада аттай екi жарым ай өткен соң айып тағылғаны қалай? Сонда тергеушiге қылмысты жасаған күдiктiнiң кiм екенiн анықтауға, жинақталған материалдар бойынша процессуалдық шешiм қабылдап, айып тағуға бақандай екi жарым ай қажет болды дегенге қалайша таңғалмассыз?! Осы уақытқа дейiн ауруханада ауыр халде жатып, тергеушiлерге өзiн кiм атқанын және оның аты-жөнiн, түсiн түстеп, қайда тұратынына дейiн айтып берген Әзиздiң жауабы, дәрi­герлердiң анықтамасы, оқиғаның басы-қасында болған Вагиф дейтiн әзiр­байжан азаматының, басқа да куәгерлердiң жауаптары ешқандай кәдеге жарамай қалғаны ма?

Қылмыстық оқиға тiркелгелi үш айдан асып үлгердi. Қылмыскердiң әлi күнге дейiн нелiктен бостандықта тайраңдап жүргенi жайлы Әл-Фараби аудандық iшкi iстер бас­қармасының бастығы Бекежан Қыдырбаев пен оның бiрiншi орынбасары Нұрлан Нұржiгiтовке арнайы жолығып, бiз де ашығын сұрадық. Бастық «қылмыскердi алдағы уақытта ұстаудың амалын қарастырып жатырмыз» деп басу айтса, орынбасары сауалға дұрыстап та жауап қатпастан басқа шаруасына баруға асықты. Бұл неғылған немқұрайдылық, бұл неғылған адам тағдырына жауапсыз қарау екенiн түсiнбедiк. Тiлшiге қызметтiк этика сақтап тiл қатыспаған адам қарапайым жәбiр­ленушiлерге қандай көзқарас танытатыны айтпаса да түсiнiктi. Мұндай ұстаныммен айыпталушы ұстала ма? Ұсталса да тергеушiлер бұл iстi сотқа жеткiзе ала ма? Бұл сұраққа дәл қазiр кесiмдi жауап беру қиын. Өйткенi полицияның кей iстердi өздерiнiң салғырттығынан, жауапсыздығынан тоқтамға алып, артынан жылы жауып қоя салатын жайттар аз кездеспейдi.

«Бiр әзiрбайжан екi қазақтың бiреуiн мылтықпен атып, екiншiсiн аяусыз ұрып-соққан соң орыс моласына апарып темiрмен бастырып кетiптi» деген ақпараттың кiм-кiмге болсын жайсыздау тиетiнiн жасыруға болмас. Әрине, қылмыскердiң немесе жәбiрленушiнiң кез келген ұлттың өкiлi болуы заңды құбылыс. Құдайға шүкiр, оңтүстiкте қаншама ұлт өкiлдерi тату-тәттi өмiр кешiп жатыр. Қылмыстық оқиғаларды бет перде етiп, ұлт арасына жiк салу, жал­ған намысты жыртып, аттандау ойымызда жоқ. Оқырман мұны дұрыс түсiнсе деймiз. Дей тұрсақ та, күрт өршiп кетуi мүмкiн деген кейбiр шетiн жайттарға аса жауапкершiлiкпен қарап, оның күнi бұрын алдын алу құқық қорғау органдарына сын. Алысқа бармай-ақ, осыдан үш жыл бұрын Төлеби ауданы Маятас ауылында болған оқиғаны еске алайықшы. Төрт жасар бейкүнә бүлдiршiндi күрд жiгiтiнiң зорлауы, бұл оқиғаны аудандық iшкi iстер бөлiмi бас­тығының орынбасары мен криминалдық полиция бөлiмi бастығының жауып тастап, қылмыскердiң жауапкершiлiктен жалтарып кетуiне жол беруi, артынан қылмыскермен қоса осы қылмысты жасыруға ұмтылған басшылық қызметтегi полицейдiң қоса сотталуы...Осының бәрi ұлтаралық шиелiнiске ұласып, қандай аласапыран мен дүрбелең кезең бастан өткенi белгiлi. Алматы облысы Маловодное, Казатком ауылдарында орын алған қазақтар мен шешендер арасындағы қақтығыс та ойланарлық, оңайлықпен ұмытуға болмайтын жағдай. Қайтпастағы сұмдық оқиғаға орай ойды ой қозғап, қай-жайдағының еске түсiп жатқаны бекер деймiсiз? Олай болса, оңтүстiктiң полициясы қашанғы отпен ойнайды? Отпен ойнаймыз деп Маятас оқиғасында ойындары оңбай осылғандарынан неге ащы сабақ алмайды? «Жаман айтпай жақсы жоқ». Бiз қауiп еткеннен айтамыз. Басқа бөтен ойдан аулақпыз.

Қылмыскер қаншалықты әдiл жазаланатынын назарда ұстап, бұл тақырыпқа тағы да оралатын боламыз.

 

Ғалымжан ЕЛШIБАЙ,

Оңтүстiк Қазақстан облысы

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504