Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2873 0 пікір 2 Маусым, 2009 сағат 08:19

Қырғызстан президенттігіне екі кандидат мемлекеттік тіл бойынша емтиханнан құлап қалды

Алматы. 2 маусым. ҚазТАГ – Қырғызстандағы ең жоғарғы қызметке екі үміткер мемлекеттік тіл білу бойынша міндетті емтиханнан өте алмай, жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды «РИА новости». Агенттікке республиканың орталық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, тіл бойынша «қанағаттанарлық емес» деген баға алғандар – кәсіпкер Құтманбек Эшенбаев және отставкадағы прапорщик Азамат Уламаев.

«Мемлекеттік телеарна арқылы көрсетілетін міндетті емтиханнан өту үшін кандидаттар өздерінің сайлау алды бағдарламасын қырғыз тілінде жазбаша және ауызша баяндауға тиіс. «Шығарманың» ең кішкентай көлемі 100 сөзден кем болмауға тиіс, онда кандидат 12 қатеден артық қате жібермеуге тиіс», - деп атап көрсетеді агенттік.

Сондай-ақ, үміткер көркем шығармадан дауыстап үзінді оқуға тиіс. Комиссия қателерді ғана емес, кандидаттың сөз қорын, акцентін және дикциясын бағалайды. Бағалау шкаласы келесідей: кандидат қырғыз тілін біледі деп танылады немесе емтиханды тапсырмаған болып есептеледі.

Емтихан комиссиясының төрағасы Ташбоо Жұмағұлов журналистерге Эшенбаевтың жазбаша жұмысында жіберілген қателерді атап көрсетуге де ыңғайсыз" деп мәлім етті. Уламаев қателерінің саны да жарияланбай отыр.

Қырғызстанда президенттік сайлау 23 шілдеде өтеді. Мемлекеттік тілден емтиханды алты үміткер тапсырды, олардың қатарында екінші мерзімге сайлауға түсіп жатқан ел президенті Құрманбек Бакиев бар. «Екі алғандар» жарыстан шығып қалған соң, президенттің орынтағы үшін 12 адам таласады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439