Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2482 0 пікір 17 Қазан, 2010 сағат 16:23

РУХАНИ БІРТҰТАСТЫҚ БҮЛІНІП БАРАДЫ

Жақында NEWSru.com сайты (http: //www.newsru.com/religy /28sep2010/marocco.html) Морокко билігі мемлекеттің идеологиялық тұтастығының кепілі ретінде дәстүрлі сопылық ағымға басымдық беріп жатқандығын жария етті.

Көрші Өзбекстан және Тәжікстан, Дағыстан елдері де ортағасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі идеологияға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсете бастады.

Ал, бізде қандай шара жасалып жатыр? Осыдан он, он бес жыл бұрынғы айтылған, қолға алынған маңызды, өзекті деген дүниелер жалғасын табуда ма? Қоғамның ең бір нәзік, қастерлі, қажетті «ядросы» болып саналатын руханият саласында теория мен практика, сөз бен іс, бұдан да түсініктірек айтқанда жазылып, зерттеліп жатқан баға жетпес рухани қазыналар өзара үйлесімін тауып, өмірде қолданылып келе ме?

Біз - Елдің ертеңін, ұрпақтың саналы ғұмыр кешуін, мемлекеттің тыныштығы мен қауіпсіздігін, қоғам мен жеке басымыздың рухани тазалығын ойлап, бас қатырып жүрген үлкенді-кішілі, аттылы-жаяулы, шен-шекпенді ел азаматтары қазір мына мәселеге ерекше көңіл бөлмесек болмайтындығын жақсы түсінуіміз керек.

Ол - мемлекеттің рухани саладағы біртұтастық мәселесі.

Жақында NEWSru.com сайты (http: //www.newsru.com/religy /28sep2010/marocco.html) Морокко билігі мемлекеттің идеологиялық тұтастығының кепілі ретінде дәстүрлі сопылық ағымға басымдық беріп жатқандығын жария етті.

Көрші Өзбекстан және Тәжікстан, Дағыстан елдері де ортағасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі идеологияға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсете бастады.

Ал, бізде қандай шара жасалып жатыр? Осыдан он, он бес жыл бұрынғы айтылған, қолға алынған маңызды, өзекті деген дүниелер жалғасын табуда ма? Қоғамның ең бір нәзік, қастерлі, қажетті «ядросы» болып саналатын руханият саласында теория мен практика, сөз бен іс, бұдан да түсініктірек айтқанда жазылып, зерттеліп жатқан баға жетпес рухани қазыналар өзара үйлесімін тауып, өмірде қолданылып келе ме?

Біз - Елдің ертеңін, ұрпақтың саналы ғұмыр кешуін, мемлекеттің тыныштығы мен қауіпсіздігін, қоғам мен жеке басымыздың рухани тазалығын ойлап, бас қатырып жүрген үлкенді-кішілі, аттылы-жаяулы, шен-шекпенді ел азаматтары қазір мына мәселеге ерекше көңіл бөлмесек болмайтындығын жақсы түсінуіміз керек.

Ол - мемлекеттің рухани саладағы біртұтастық мәселесі.

Жасыратыны жоқ, қай ғасырда, қай жүйеде болмасын, ұлт мұрасын насихаттау жолында кешегі өткен ата-бабамыз да, бүгінгі ел ағалары да аянып қалған емес. Сөз бен қаламның құдіреті жетер жердің бәрінде де руханият мәселесі көтеріліп, жіті қадағаланып отырған.

Әрине, бұл тақырыпта сөз қозғап, қалам тартудың үлкен жауапкершілік екенін сезінеміз. Әйтсе де, қарынның тоқтығы мен көйлектің көктігіне ғана мәз болып, айтпай, жазбай, ойланбай отыра беруді бойына жат еткен Ұлан елдің ұрпағы болғандықтан, обалы нешік, жазарман қауым тарапынан үнемі көтеріліп отырады. Бұл жағына келгенде ешкімді де айыптай алмайсың. Бірақ, бір кінәраттың бар екені рас. Ол - «ұмытшақтық».

Тым болмаса, күні кеше ғана руханият саласында егжей-тегжейлі айтылған, тарихтың терең қойнауында бүгіп жатқан сырларды санаға сіңімді етіп жеткізген Елбасы сөздері мен еңбектерін мемлекеттің рухани біртұтастығы үшін пайдалана білуді де ұмыттық.

Қазір, Орталық Азия мен Қазақстандағы діни жағдай айтарлықтай деңгейде проблемаға айналып отырғаны жасырын емес.

Осы жағдайларды ерте әрі терең түсіне білгендіктен болар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ рухани біртұтастық мәселесіне қатысты өз ұстанымын білдіріп еді.

«ХІ ғасыр Түркістаннан тараған аса қуатты рухани сәулемен нұрланған. Түркілердің тұңғыш сопысы - Қожа Ахмет Ясауи 1093 жылы туған. Ол негізін қалаған исламның тылсым құпиясы - сопылықтың (суфизм) қарапайым халықтық нұсқасы тез уақытта Қазақстанның солтүстігі мен шығысына дейін тарады. Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарына ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді.

Түркі халықтарына исламды тарату ісінің басы ғана емес, сонымен бірге Тәңірге табынушылық пен ислам мәдениеттерінің өзара ықпал ету үрдісі де Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты. Ортағасырлық Қазақстандағы ислам мәдениетінің негізгі ислам догмаларына сәйкеспейтін өзіндік ерекшеліктері бар. Ол кездегі түркі тілдес қоғамдағы қадір-қасиет жүйесінің (менталитетінің) барлық деңгейлеріне де Ясауи сопылығының ықпалы мықтап сіңген болатын». [Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында». - Алматы, 1999, 278-279 б.]

Бес мың жыл бойы өзінің ұлттық сипатын жоғалтпай келе жатқан Қытай халқы Конфуций ілімін  ешқашан да өзіне жат тұтқан емес. Не болмаса ұлттық өсімі жағынан қытайға пара-пар келетін, төл мәдениетін әлемге танытудан танбаған Үнділер Будда ілімінің құндылықтарын әрқашан да өзіне мақтаныш етеді. Ал, күллі түркінің Темірқазығы атанған, әулиелердің сұлтаны Қожа Ахмет Ясауи жер кіндігі саналатын өзіміздің Түркістанда жатқан жоқ па?!

«Нақ осы Ясауи ілімі арқылы Ислам қазақтардың рухани өмір салтына айналды да, кейінгі сегіз ғасырдың өн бойында соларды жебеп келеді. Қазақ хандығы мен қазақ халқы құрылғанда, солардың бастау бұлағы мен осы ілім тұрды.

Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері («Даналық сөздері») оның бір бөлігі болып кіруге тиіс. Ясауидің ұстазы Арыстан бабтың Отырардағы кесенесі мен Қожа Ахмет Ясауидің Түркістандағы кесенесі - қазақтардың ұлттық руханиятының аса маңызды орталықтары. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қазақ мемлекетінің нысанына айналып, кейінгі уақытта жалпыұлттық зиярат-қорым (пантеон) қызметін атқарды. Қазақ халқының ұлы перзенттерінің мүрделері осы жерде сақтаулы. Сондықтан осынау тамаша ескерткішті қалпына келтіріп, бас біріктірер ортақ кіндікке бүкіл ұлттың назарын аударып отырғанымыз дұрыс» [Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында». - Алматы, 1999, 279 б.]

Президент Н.Ә.Назарбаев 2002 жылдың қазанында киелі Түркістан қаласында өткен Дүние жүзі қазақтарының ІІ құрылтайында сөйлеген сөзінде діннің қоғамдағы алар орны мен ықпалы туралы тереңнен сыр шертеді. «Ел бірлігі туралы сөз болғанда, біз, өз дініміз Исламға тоқталмай кете алмаймыз. Әрине, Исламның рухани әлемі өз алдына жеке әңгіме. Біз, бұл арада Исламның тарихи тұрғыда қазақ халқы ғана емес, бүкіл түркі жұртының қалыптасуына игі ықпал жасағанын тілге тиек етпекпіз. Діннің тұтастығы қашанда Елдің тұтастығы. Діни алауыздық ұлттық алауыздыққа соқтыратыны баршамызға белгілі. Бірнеше дін өкілдерінен тұратын халықтардың мұсылман, християн болып, ал бір дінді ұстанып отырып-ақ оның тармақ-тармағына бөлініп, өзара алакөз болған елдердің бастан кешіп отырған тауқыметтерін көріп те, біліп те отырмыз. Сондықтан, қалыптасқан дінге өзгеріс енгізбек болып, өздерінше жаңашылық таппақшы болып жүргендерге отпен ойнауға болмайды деген ескерту жасағымыз келеді».

Сонымен қатар, Елбасы дін саласына қатысты ескертулермен ғана шектеліп қалмай, бағыт-бағдар да көрсеткен болатын. «Қазақ даласында Ислам дінін орнықтырушылардың бірі данышпан бабамыз Ахмет Ясауи осы жағдайларды ескере отырып ислам дәстүрлерін қалыптастырды. Осы дәстүрменен мінекей, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы өзінің ұлттық сана-сезімдерін қалыптастырып келеді. Сондықтан, ұлттық сипатқа айналған дәстүр мен дүние танымымызға сырттан келіп түзету жасағысы келетіндерге жол бере алмайтындығымызды ашық айтамыз» [Елбасының 2002 жылдың қазанында Дүние жүзі қазақтарының ІІ құрылтайында сөйлеген сөзі].

«Шайтанарбаны» қайта өңдеп, жаңадан жасап шығарсаң да, бәрібір «шайтанарба» болып қала беретіні сияқты барлық ұлттар мен ұлыстар үшін өзінің дәстүрлі, тарихи құндылықтарынан артық ештеңе де жоқ екенін өмір көрсетіп отыр. Әсіресе, руханият саласында жаңадан бірдеңе ойлап табамын, не болмаса қайта реформа жасаймын деудің өзі қоғамды ауыр қасіретке, бітіспес дауға душар ететін қатер деп айтуға болады.

«Қазақстан аумағында ислам ханафиттік деп аталатын діни-құқықтық мектеп пен сопылықты насихаттайтын идеологияның негізінде қалыптасты. Сопылықтың елеулі ерекшеліктерінің бірі - қоғамдық қатынастардың белгілі бір ахуалында ислам догмаларының жерсінуіне мүмкіндік беретін рухани бейімделгіштігі.

Міне, осы  сияқты сопылықтың оң ниетінің арқасында Ислам дінін қабылдаған қазақтар Құран ережелерінің негізінде де, исламға дейінгі дәстүрлі ырым-жораға да табиғи түрде және бір мезгілде мінәжат ете алатын болған. Осылайша қазақтар өздері үшін жаңа ислам дінін қабылдағанымен, өз бабалары - түркінің көшпелі тайпаларының рухани мұрасынан да көз жазған жоқ» [Н.Ә.Назарбаев, «Сындарлы он жыл». - Алматы, 2003, 105 бет]/.

Кейде біз, саяси түсініктермен ғана шектеліп, халық санасындағы кейбір нәзік дүниелерге тіл тигізіп жатамыз. Сондықтан, «сары прессаға» салуға келмейтін, жала жабуды көтермейтін, саяси ойынға килікпейтін ұғымдарға келгенде аса жауапкершілікпен қарағанымыз абзал. Солардың бірі қазақ халқы үшін, әрине ол - Сопылық жол. Сонымен бірге, Сопылық жолды қасиетті Ислам дінінен бөліп қараудың аса жаңсақтық болатыны сияқты, «Түркістан - Екінші Мекке» деген сөзді де тура мағынасында қабылдап, салыстыра пайымдау қателік екенін ескергеніміз жөн.

«Қазақстан аумағында сопылық дәстүрдің негізін салып, оны түркілік дәстүрмен үндестірген әйгілі тұлға - Қожа Ахмет Ясауи, оның кесенесі байырғы Түркістанға орналасқан. Ясауидің тікелей жанқиярлық еңбегінің арқасында ғана қазақ тайпаларының ұлттық ортасында Ислам канондары мен далалық дәстүр үндестік тапты, қазақ халқының арасында күні бүгінге дейін оның есімін кие тұтып, көптеген түркі тілдес мұсылмандар үшін «Екінші Мекке» болған оның кесенесіне тауап етеді» [Н.Ә.Назарбаев, «Сындарлы он жыл». - Алматы, 2003, 105-106  бет].

Міне, өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басында түркі даласында сопылық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауидің ұланғайыр рухани мол мұрасын насихаттауға деген ынта-ықыласымыз осылай басталған болатын.

Сөз соңында, бүгінгі және келешектегі Қазақстанның рухани саладағы біртұтастығының берік кепілі ретінде Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кемел қоғамның шарттары етіп көрсеткен төрт қағидасын еске түсіргеннің артықтығы болмас:

Бірінші: «Макан» - тәуелсіз мемлекет, ел болу;

Екінші: «Заман» - бейбітшілік, тыныштық;

Үшінші: «Иқуан» - бір бауыр қоғам;

Төртінші: «Рабти-сұлтан» -  басшыға адал болу.

Думан ӘЛИ

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510