Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4728 0 пікір 18 Қазан, 2010 сағат 06:02

Өркен Кенжебек. «Almatinki» азғындатып жатыр…

Бұрнағы күні Мәжіліс депутаты Сағынбек Тұрсынов телеарналарда көрсетілетін кино, бағдарлама, клип атаулыны «қылмыстық-сексуальды» сипаттары бойынша сүзгіден өткізсек деді. Содан екі-үш күн бұрын редакциямызға Алматыдан үшбу хат келген-ді. Әсемгүл есімді оқырманымыз «Астанадағы атпалдай азаматтардың назарына» деп бастапты бізге жазған хатын. Назар аудармасқа болмады...

- Менің балам 6-сыныпта оқиды. Оқу озаты. Білім алуына қажет болар деп, компьютер алып бердік, оны ғаламторға да қостық. Бірде осы балам не қарап жүр екен деп, компьютерін ақтарып көрсем, almatinki.com деген сайт көзіме оттай басылды. Бұл нұсқаманы Алматы көшелерінде де жиі көруші едім. Көрінген қабырғаға тайға таңба басқандай баттитып жазып кеткен. Сөйтсем...бұл Алматы жезөкшелерінің сайты екен. Масқара! Менің балам осы сайтты ақтарып жүр. Ар-ұяттан безгендердің жалаңаш тәндерін жарнамалап, оның бағасын, қандай әдіс-тәсілді білетінін ашықтан-ашық саудалайтын бұл не қылған бассыздық?! Әлде, халық қалаулылары мұны заңмен бекітіп, рұқсат беріп қойған ба? Естуімше, astaninki.com деген де сайт бар екен, елорданың еркектеріне арналған. Бұл жайлы білмеулеріңіз мүмкін де шығар, бірақ, тап осы келеңсіздік Астанаға, ондағы атқамінер азаматтарға абырой әкелмесі анық. Сол себепті осыған тез арада тосқауыл қойсаңыздар! - дейді оқырманымыз.

Бұрнағы күні Мәжіліс депутаты Сағынбек Тұрсынов телеарналарда көрсетілетін кино, бағдарлама, клип атаулыны «қылмыстық-сексуальды» сипаттары бойынша сүзгіден өткізсек деді. Содан екі-үш күн бұрын редакциямызға Алматыдан үшбу хат келген-ді. Әсемгүл есімді оқырманымыз «Астанадағы атпалдай азаматтардың назарына» деп бастапты бізге жазған хатын. Назар аудармасқа болмады...

- Менің балам 6-сыныпта оқиды. Оқу озаты. Білім алуына қажет болар деп, компьютер алып бердік, оны ғаламторға да қостық. Бірде осы балам не қарап жүр екен деп, компьютерін ақтарып көрсем, almatinki.com деген сайт көзіме оттай басылды. Бұл нұсқаманы Алматы көшелерінде де жиі көруші едім. Көрінген қабырғаға тайға таңба басқандай баттитып жазып кеткен. Сөйтсем...бұл Алматы жезөкшелерінің сайты екен. Масқара! Менің балам осы сайтты ақтарып жүр. Ар-ұяттан безгендердің жалаңаш тәндерін жарнамалап, оның бағасын, қандай әдіс-тәсілді білетінін ашықтан-ашық саудалайтын бұл не қылған бассыздық?! Әлде, халық қалаулылары мұны заңмен бекітіп, рұқсат беріп қойған ба? Естуімше, astaninki.com деген де сайт бар екен, елорданың еркектеріне арналған. Бұл жайлы білмеулеріңіз мүмкін де шығар, бірақ, тап осы келеңсіздік Астанаға, ондағы атқамінер азаматтарға абырой әкелмесі анық. Сол себепті осыған тез арада тосқауыл қойсаңыздар! - дейді оқырманымыз.

Сүйекті материалдың сөлін сығып берген осы хатты беріп-ақ құтылуға болар ма еді. Бірақ... «бірақсыз» мәселе болмайды емес пе? Біріншіден, қазақ интернетінде заңды мойындап, заң жүзінде қызмет көрсетіп жатқан бірде-бір порносайт жоқ. Тырдай жалаңаш сайт ашуға тыраштансаңыз, ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-ші бабымен қорқытамыз. Порнографиялық материалдарды таратты деп мойныңызға қылмыстық жауапкершіліктің қылын тартып, үш жыл абақтының сорпасын үріп ішесіз. Жаза «што-то» жеңіл сияқты дейсіз бе? Қос қолымызды көтере құптаймыз. Мәселен, Сауд Арабиясында ұялы телефоннан телефонға порноролик жіберсеңіз, 12 жылға бас бостандығынан айырып жібереді. 100 мың реал көлемінде айыппұл салып, жон арқаңызға 1000 мәрте дойыр қамшымен дүре салады. Ресейде балалар порнографиясын таратқан азаматтарды 15 жылға дейін түрмеге тықсақ деген заң жобасы дайын жатқан көрінеді. Ал, Иранда, Қытайда, АҚШ-та.. біз де айтамыз-ау, бірақ «алматинкилер» бұл санатқа кірмейді. Сол үшін жазадан құтылды десек, жаза басармыз...

Дәлірек болсақ, almatinki.com, astaninki.com - эротикалық мазмұндағы коммерциялық сайттар болып саналады. Солай болды екен деп, солқылдайтын заң бар ма? Бірақ, «сайтани» сайттардың заңның салқыны тимейтіндей етіп жасаған қалқасымен де санасуыңыз керек. Айталық, «Алматинки», «Астанинкилеріңіз» Чехияның серверлерінде жатыр. Бұл елде эротикалық жарнамаларға заң тыйым салмайды. Қазақстанның «атын шығарып» жүрген қос сайттың мазмұнына жауапты адам да Чехияның азаматы.. Сондықтан, Ішкі істер министрлігіндегі ақпараттық технологиялардағы қылмыспен күрес басқармасы осы сайттарға анкетасын шығарған жезөкшелермен жұмыс жасауға ғана шамасы келеді. Жезөкше дегенде, саяси сауаттылыққа салсақ, олар коммерциялық секстің қызметкерлері. Енді мұны да азсынған ағайын «Қыздар» деген жалпақ атаумен жезөкшелерді атауға көшетін секілді. Себебі, соңғы кездері секс-қызметтің ассортименті кеңейіп, kz-sex.com, intimalmaty.com, kyzdar.kz секілді сайттар да «жұмысқа шықты». Жарайды, халықаралық «.соm» доменімен тіркеліп жатса, «түсіністіктпен» қарауға жарап қалдық. Ал, «Қыздар» деген арына дақ түспеген қазақтың қастерлі сөзін алып, «.kz» құйыршығын жалғау бұрын-соңды болмап еді.. Ерінбей, «Қыздардың» тамырын үңгіп көрдік. Сингапур шаһарында, Джон Фриман деген азаматтың атына тіркеліпті. Сайттың «бұқарамен байланысына» жауап беретін Рабиль деген қызметкеріне хабарласа алмадық. Сингапурдың кодын алсақ та, «соткасы» алмады. Сонымен, бірі Чехияда, бірі Сингапурде тіркелген сайттарға ҚР Заңдарының құрығы жетпей, шекараның сызығында шаршап қалады. Бұл да мәселенің бір қыры. Жезөкшелер Интернеттегі «Мой мир», «Вконтакте», «Миртесен», «Одноклассники» секілді танымал әлеуметтік желілерде жекелей профайлдары арқылы да «қызметтерін» жарнамалай бастады. Енді бұл желілерде тіркелген миллиондаған мүшелердің арасындағы «түнгі көбелектерді» жазбай танып, қанатын күйдіріп көріңіз! Олар «тәнін сатамын» деп ашық жазбайды, «өмірлік серік, дос іздеймін» деген спам-жазбалармен поштаңызға сүйкенеді. Омырауын сәл ашқан суретімен еліктіреді. Соңынан ерітеді... Қысқасы, эротикалық жарнама, секс-қызмет ұсынған сайттарың Қазақстанда қауыз жарып, «жұпар» шашып тұр.

Ойлап қарасақ, осынау сайттармен күресіп жатқан жалғыз Алматы қаласының әкімшілігі. Қалай десеңіз, қала көшелеріндегі бетон қабырғаларға бояумен бүркіп кеткен сайттардың жарнамаларын әктеп-сөктейді. Әктелген таза қабырғаға жазу оңай тірлік емес пе? Ертеңіне-ақ, «сүйікті» жарнамаңызды орнынан табасыз. Обалы не, күресіп жатыр... Ал, жезөкшелікті заңдастырып қойған Батыс елдерінде эротикалық коммерцияның сайттары тіркеуден өтіп, салығын төлейді. Құрығанда, біз салық та өндірте алмаймыз ғой.. Себебі, бұл сайттардың тіркеуден өтуіне заң теріс қарайды. Білуімізше, бейәдеп сайттарға анкетасы мен суреті тұрғаны үшін бір адам айына 100-300 доллардың аралығында ақша төлеуі тиіс. Ал, «almatinki.com» сайтында шамамен, 200-300 жезөкшенің анкетасы бар десек, сайт айына шамамен 70 000-90 000 доллар пайда тауып жатыр деген сөз. Бұған, «жезтабан» жігіттер мен транссексуалдардың да анкетасын қоса кетіңіз.

Қорытып та, қорқытып та айтқанда, эротикалық жарнама интернетте бүршік атып тұр. Иелеріне табыс, клиенттеріне шаттық сыйлап.. ал алтыншы сыныптың балаларын азғындатып жатыр. Тіптен, мектеп оқушылары реферат көшіріп алатын сайттарда «сандары жылтырап», әлгідей сайттардың жарнамасы көрініп қалады. Мәжіліс отырысында Сағынбек Тұрсынов жолдаған депутаттық сауалдың осыған тиіп кететін тұстары бар. Тұрсынов «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңда порнографиялық һәм сексуальды-эротикалық сипаттағы кино және бейнеөнімдердің эфирге шықпауы анық жазылса да, телеарналарда эротикалық сипаттағы бейнеклиптер мен бағдарламаларды көрсетіп жатыр» деп үстел тоқпақтады. Отандық эфирді сүзгіден өткізіп отыратын қоғамдық комиссия құрайық деді. Біздің де сұранарымыз... қайталау болар, оқырманымыз Әсемгүл жазған хатта айтылды ғой. Мәселе дендемей тұрып, депутаттарымыз интернеттегі секс-қызметтің иірімін бақыласа деген тілек, талап, өтініш (қалай атасаңыз да, жарасады)...

P.S. Мақала жазылып бітуге жақын қалған. Танымал журналист Жәнібек Сүлеевпен сөйлесіп қалдық. «- Не жазып жатырсың, інішек?» «Сол әлгі «Алматинкилер» жайлы..» «Еее, оның тоқтамай отырған себебі, бұл өте ыңғайлы дүние ғой. «Алматинкидегі» қызға хабарласып, бір сағатына 150 доллар қалдырып жатқан қай қазақты көрдің? Оған баратындар, қалталылар, ақыр аяғы полицейлер, прокуратурадағылар. Енді ойлашы, бала, жағдай осылай қалыптасса, сайт қалай жабыла салмақ? Сендер «Алматинкилерді» соққанша, неге қазақтың рухани бесігі - Түркістанда кәмелетке толмаған шымкенттік қыздар жұмыс істейтін жезөкшелер үйлері бар деп жазбайсыңдар ма? Егер олар интернет қолдануды білмесе, бұл мәселе «Алматинкиіңнен» маңызды емес дегенді білдірмейтін шығар. Дұрыс па?», - деп еді ағамыз. «Дұрыс» дедім.

 

«Халық сөзі», №21

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502