«Азат» ЖСДП орталық сайлау комиссиясын электронды дауыс беру жүйесінен бас тартуға шақырды
Алматы. 18 қазан. ҚазТАГ – Әділ Орманов. «Азат» ЖСДП орталық сайлау комиссиясын (ОСК) тағы да Қазақстанда электронды дауыс беру жүйесінен бас тартуға шақырды. Дүйсенбі күні ЖСДП өткізген «Әділ сайлау ұйымдастыру және өткізу: проблемалар және оларды шешу жолдары» атты дөңгелек үстелдің резолюциясында осындай ұсыныс айтылған.
«Өткен жолғы сайлаудың нәтижесі көптеген сайлаушылардың электронды дауыс беру жүйесіне сенбейтінін көрсетіп берді. «Сайлау» жүйесі арқылы дауыс бергендердің саны әр сайлауда азайып отырады. 2004 жылы осындай дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 54,2%, 2005 жылы 14,3% құраған. Ал 2007 жылы 7% ғана құраған», - делінген резолюцияда.
Осыған байланысты оппозициялық партия «электронды дауыс беруді қоғам жарамсыз ден таныған және сайлаушылардың дауыстарын адал есептеудің ашықтығын қамтамасыз ете алмайтын деп алып тастауды ұсынады».