Зәһар-ов істі болып жатыр
«Орыссыз қазақ мемелекет бола алмайды, күнін көре алмайды», - деп ала бүлікке бастайтын алапес сөзбен айналасын былықтырып жүрген Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Юрий Захаровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Алматы қаласындағы Бостандық ауданының сотында бостан (азат, еркін) қоғамға тым еркелеп кеткен зәһардың Захаровтың ісі ҚР ҚК 129 бабы бойынша қаралып, «көпшілік алдында ғайбат сөз таратты» деген айыбы анықталды.
Захаровтың зәҺарлы (арам) сөзіне көп қазақ шулап-шұрқырып қана қойған едік, қызық қылғанда тентекті тыюдың жолын бізге казак көрсетті. Атаман Владимир Овсянников. Әрине, біздің елдің заңы бойынша бұл азамат қандай да бір әскери жасақтың басшысы болып табылмайды, бірақ әйтеуір, Қазақстанда қалған-құтқан казак атаулыға атаман атанып жүрген Овсянников аузы бұзық Юрий Захаровты сотқа беріпті. Сотқа беретін себебі, 2009 жылдың 6-маусымында өткен казактардың кеңесінде Юрий Захаров Владимир Овсянников туралы жұрттың көзінше «Жымқырылған қаражтты одан сұрауға мен міндетті емеспін» деп қойып қалған көрінеді. Содан бері атаманмен ала көз болып жүрген Захаров ақырында Бостандық ауданының сотынан бір-ақ шықты.

Ертеректе Еділ мен Жайыққа, Жетісуға келіп қоныс теуіп, тамыр жайып қалған казактардың бүгінгі ұрпағы өз орталарынан шыққан «шиқанды», яғни, Захаровты, Қазақстан халқы ассамблеясынан да аластау керек деп Елбасының атына хат жолдап та үлгерді. Айтпақшы, Захаров сот қызметкерлерін «билік маған Жоғарыдан, Жаратушыдан берілген», «Біле білсеңдер мен Назарбаевтың орынбасармын» деген сөздермен омыраулап қорқытып-үркітумен болыпты. Захаровтың солай дегенін хатқа қол қойған казактар мен өзге де ұйымдардың жетекшілері айтып отыр.
«Абай-ақпарат»