Алматы сотында ҚХА төраға орынбасары жала жапты деп айыпталғаны жөніндегі іс қаралуда – газет
Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) төраға орынбасары Юрий Захаровқа қарсы қылмыстық іс қозғалып, ол ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхатпен жүр, деп жазады «Время» газеті.
«Осы күндері Алматының Бостандық аудандық №2-ші соты Юрий Захаровқа қатысты №1-299 қылмыстық істі қарауда. Іс ҚР ҚК-нің 129-шы бабы - «жариялы сөйлеген сөзінде жала жабу» бабы бойынша қозғалды. Сот қаулысына сай Юрий Захаров айыпталушы деп танылды», - делінген мақалада.
Ю. Захаровты сотқа атаман Владимир Овсянников берді. 2009-шы жылы 6-шы маусымда Ю. Захаров басшылығындағы атамандар кеңесінің хаттамасында ассамблея төрағасының орынбасары Овсяннитков туралы: «Талан-таражға түскен қаржы-қаражат туралы одан мен сұрамауым керек», - деп айтқан сөзі хатталған.
Газет мәліметтерінше, дүйсенбі күні дала казактары одағының мүшелері, жайық және орал казактары мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мемлекет басшысына ашық хат қабылдады. Олар «Захаровты ҚХА төраға орынбасары міндетін атқарудан босатуларын, оның іс-әрекеті Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін сақтаудың орнына ыдырататындықтан ассамблея кеңесінің мүшелігі құрамынан шығаруды сұрайды».