Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2327 0 пікір 19 Қазан, 2010 сағат 05:17

Венада трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы БҰҰ конвенциясы конференциясының 5-ші сессиясы жұмысын бастады

Aстана. 18 қазан. ҚазТАГ – Венада трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы (Палермо конвенциясы) БҰҰ конвенциясына қатысушы мемлекеттер министрліктері конференциясының 5-ші сессиясы жұмысын бастады. Шараларға Венадағы халықаралық ұйымдардағы біздің елдің тұрақты өкілі Ержан Қазыханов бастаған Қазақстан делегациясы да қатысуда, деп ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Конференцияның вице-президенттігіне сайланған қазақстандық делегация жетекшісі өзінің сөзінде ұйымдасқан қылмыс тудыратын қауіптің ғаламдық сипатын айта отырып, халықаралық ынтымақтастық саласындағы алдыға басушылықты атап өтті, делінген баспасөз баянында.

«Е. Қазыханов, конвенция аясында Қазақстанның өз міндеттеріне нық берік екендігін және елдің тиісті халықаралық ынтымақтастықты дамытуға деген белсенді ұстанымын жеткізе отырып,  қатысушылардың назарын Ауғанстан мен Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі, аймақтағы қылмыстың алғышартын төмендетуге бағытталған  Қазақстан қабылдап отырған шараларға аударды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломат БҰҰ есірткі және қылмыскершілік жөніндегі басқармасының жұмысын жоғары бағалап, ЕҚЫҰ мен аталған саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

Конференция, қатысушы мемлекеттердің трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсыкүрес мүмкіндігін кеңейту жөніндегі конвенцияның орындалуына және оның іске асырылуын бақылауға септігін тигізетіндей  ұсыныстар әзірлеп, өз жұмысын 22-ші қазанда аяқтайды.

БҰҰ-ның оқ ататын қаруға, адам саудасы және мигранттарды заңсыз алып келуге қарсы хаттамамен толықтырылған трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы қылмыс саласындағы басты халықаралық құжат болып табылатыны белгілі. 2000-шы жылы қол қойылған келісімшартты сарапшылар ұйымдасқан қылмысқа қарсы тұрудағы тарихи қадам деп қарастырады және онда қазір 157 қатысушы мемлекет бар. Қазақстан конвенция және онымен байланысты хаттамаларды 2008-ші жылы бекітті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524