Қазақ экономикасы тыйым қақынан да айырылмақ
Күні кеше «Стратегия 2030: тұрақты дамуға жол» атты жиында Англияның бизнес және иновация министрі Питер Мендельсон: «Қазақстан үшін ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздерді жылдамдату мен оған ену формасы жөніндегі жұмыстарда тыйым (вето) құқығын Ресейге беруі орынсыз шығар», деп ойын ортаға салған. Питер Мендельсон мұнымен шектелмей бұрын Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты жұмыста Қазақстан алда болған болса, соңғы кезде Ресейдің бұл бағытта дұрыс жолға түсіп, алға шыққанын айтқан. Британиялық министр Қазақстан өкінішке қарай, ДСҰ-ға енудің басқаша жолы қарастырып, Ресей, Белоруссиямен кедендік одаққа енгенін қынжыла жеткізіп, кедендік одақтың өміршеңдігі туралы ешнәрсе айта алмаймын деп байлам жасаған. Дәл осы жерде жиналысты жүргізіп отырған ресейлік Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Греф Британиялық министрге тыйымның Ресейдің қолында болғаны ұнамай отырғанын айтып шаптыға мінез көрсетіп, «тыйым құқығын кімге бергісі келетінін Қазақстанның өзіне қалдырайық, ең дұрысы тыйым құқығын Қазақстан өздерінде қалдырғаны жөн болар еді» деп барып бір-ақ тоқтапты.

Ал, біздің жақтан ешкім ауыз ашпаған көрінеді. Әу дей қалса, ҚазТАГ таратқан ақпаратқа енер еді. Әрине, мұндай мәселелерде біздің елде бір адамның келісімінсіз өз бетіңмен пікір айту қиын. Мейлі, ол ел экономикасына тиімді болған күннің өзінде. Кедендік одақта бастары тоқайласқан үш елдің бірі Ресейдің ДСҰ-ға ену жолындағы жұмыс қарқыны біздің елден басым болғанына қарап, кедендік одақ экономиканың аяғына түскен тұсау болмай қайтсін деп шулаған жұрттың сөзі бекер емес сияқты. Бірақ, елдің сөзіне құлақ асқан биліктің қай өкілін көрдіңіз. Енді, келіп, ДСҰ-ға барар жолды қысқартып, көрші елдің қарқынына қарап отырған түріміз мынау, тыйым анау өзгенің қолында ойыншыққа айналған. Біз үшін біреулер қалағанын істеп, тыйымның таңбасын қоржынына салып алып шапқылап барады ДСҰ-ға қарай. Үш елдің аумағындағы тар экономикалық кеңістікті таңдап алған біз болсақ тағдырымызға «мәзбіз».
Сонда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін енді Ресей шеше ме?! Тыйымды Ресейге берген Қазақстанның экономикалық тағдыры енді болмақ?! Оған экономика мен қаржы саласындағы Ресейдің күн сайын артып келе жатқан ықпалын қосыңыз. Құдай бетін әрі қылсын, бірақ әлгі кедендік одаққа қарсы шыққан топтың айтқаны айдай болып алдымызға келмесін. Және оның келмесіне кім кепіл!..
Айтпақшы, прьемер-министрдің орынбасары Орынбаев дүниежүзілік банк пен халықаралық валюта қорының басшыларына 2015 жылғы аталған ұйымдардың жылдық жиналысын Астанада өткізу туралы өтінішті табыстаған. Қазақстанның ДСҰ-ға баратын жолы туралы екі ел серкесінің сүзісіп отырғаны анау, ал біздің үкімет болса қонақ шақырып әуре.
«Абай-ақпарат»