Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2400 0 пікір 19 Қазан, 2010 сағат 20:41

Серік ЕРҒАЛИ. ОДАН ДА САҒЫЗ ШАЙНАУ ТИІМДІРЕК...

Егемен болғалы қолға алып келе жатқан ұлттық маңызды әрекеттің бірі - ономастиканы қазақыландыру. Алайда, бұл салада біршама жұмыс істелгеніне қарамастан, орныққан жүйе мен қанағаттанарлық нәтиже бар дей алмаймыз. Өйткені, атқарылған әрекеттің барлығы да әупірімге негізделуде. Тіпті, ономастика ішкі саясаттың ажырамас бөлігі дегеннен гөрі оны тілдік мәселе көруімізден. Содан да ол шикі саясатшыларға оңай олжа сықылды көрінеді.

Аталмыш сала бойынша елде орныққан ахуал ең алдымен тілдік мәселеден емес, отарлық езгінің нәтижесі екені белгілі. Демек, одан құтылудың тегеурінді де, тиімді жолы сәйкес түрде ішкі саясатты нәтижелі жүргізу болатын. «Уды у қайтарады». Алайда, біздің ішкі саясатпен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық-саяси құрылымдар бұл шаруаны келесі ұрпақтың сыбағасы етіп алғандай сыңай бар, әйтпесе,  тілдің жаманатын арқалаған басқармаларға, ақтер-көктер болып жүргендерге, ұлтшыл бірен-саран тұлғаларға ысырып салғандай.

Ал, соңғы топ не істеп жүр? Олар қолдарынан келетін популизммен ғана шұғылдануда. Себебі, ауқымды мемлекеттік саясат саналатын саланы жалаң қол мен жалаң аяқ жандар қолға алса, одан даңғаза мен дақпырт қана алатынымыз белгілі емес пе?! Сонда мемлекеттік арнаулы органдар қайда қарап отыр? Шамасы, олар әлгі осал топ мәселені ушықтырғанда ғана соларды жазалауға болмаса мәселені бірнеше жылға кейін ығыстырып, келесі ұрпақтың құзырына қалдырумен ғана айналысуда.

Мұны кешегі Қызылжар атауының мәселесінен анық көрдік. Не көрдік? Біріншіден, ономастикамен қолдарында дардай мандаты бар ресми саясатшы депутаттар айналысып, жергілікті қоғамдық ұлтшылдар рөлін ойнады. Әрекеттері содан асқан жоқ. Олар жиырма жыл бойғы татымсыз тактиканы қолданып, елге үндеу салды. Бұнысы қараңғыдан қорқып, дауыстап сөйлеген баланың қылығы секілденді. Ау, үндеу мен мәлімдеме құзырсыз да қауқарсыз бұқараның ісі емес пе? Елдің  ең жоғарғы заңдандырушы төрінде отырған азаматтар неге мұндай қылыққа (әрекет не іс деуге келмес) барды? Біреуі мәселені көтерді, екіншісі оған қарсы шықты! Не деген саяси әумесерлік! Өйткені, олар өздерінің биік құзырлы биліктің өкілі екенін сезіне алмай жүргендей. Депутат мандатын қылықтың мандаты ету емей немене? Әйтпесе, мәселені неге депутат құзырына сай түрде тиісті мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдарға қойып, оның шешілуіне ресми түрде кіріспеске, қолдамасқа? Себебі, жоғарғы биліктегі азаматтарда саяси тәжірибе мен тактика жетіспейді! Билікке біздің азаматтар саясатшылық деңгейіне көтерілместен, қарабайыр түрде оңай әрі кездейсоқ жетеді; ұлттың мәселесін жеткесін көтереді, оған дейін саясаттың төменгі сатыларынан өтетіндей қадам жасап көрмейді. Сосын асау атқа абайсызда қонған тентек баланың кейпін киеді...

Сол тұстағы атау мәселесін көтерген азаматтар Қызылжарға барып болмаса бармай-ақ саяси ауан мен мәдени менталитетті барлады ма? Кімнің рухы басыңқы екенін, оны өз пайдамызға қалай жарату керектігін пайымдады ма? Сұрастырды ма, ақылдасты ма? Қызылжарда соңғы рет қазақтың эстрада жұлдыздарының концерті қашан болды екен? Айтыс, терме, жыр Мәдениет сарайларының есігінен сығалап жүр ме, әлде алшаңдап басуда ма? Алматы мен астананың актерлары, жазушылары, өнерпаздарының кеші болып жатыр ма? Қысқасы, ол қала біздің елге моральдық жағынан тиесілі екенін легитимдедік  пе? Ең болмаса, бабамыздың асау аттың қытығын алатындай әрекетіне бардық па? Мұның бірін істемесек, не істеп жүрміз? Даурығып жүрміз, дақпырт туындатудамыз, популизммен шұғылданудамыз.

Әйтпесе, алдын ала сараптап, саяси барлап, зерттеме атқарып, тиісті тактиканы сосын таңдауға болар еді ғой. Енді не болды? Қаланың атауын қазақыландыру ресми түрде бес жылға кейін шегінді; мәселенің шешімі тұйыққа тірелді; әрі-беріден соң, Қызылжар қаласы моральдық жағынан тарихи патшалық Ресейге бес жыл мерзімге қайта қалдырылды! Қасапшыларымыздың шымшықты да соя алмайтыны көрініп қалды.

Мұндайда не деуші еді жарнамада? «Сөйлегеннен кейде шайнаңдаған артық!»

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5533