Қазақстанда салық органдарының 1300-ден аса қызметкері қысқартылады - Ерғожин
Астана. 20 қазан. ҚазТАГ – Әрсен Бектасов. Қазақстан бойынша салық органдарының 1300-ден аса қызметкері қысқартылады, деп мәлім етті ҚР қаржы министрлігінің салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин.
«Жалпы Қазақстан бойынша салық органдарының қызметкерлерінің саны 10250 адамды құрайды. 1365 қызметкер қысқартылады. Орталық аппарат пен облыстар мен аудандардың басшылық құрамына қатысты 15% қысқарту туралы қатаң шешім қабылдадық», - деді Д. Ерғожин сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.
Салық комитеті салық органы қызметкерлерінің саны 12 адамнан аз болып табылатын аудандарда қысқарту аясында бастықтың орынбасары қызметін қысқарту туралы шешім қабылдады.
«Біз орынбасар қызметін қысқартамыз. Бізге басшылық аппараттың көп саны қажет емес», - деп мәлім етті салық комитетінің төрағасы.
Еске сала кетейік, 1 қарашадан бастап ҚР президентінің мемлекеттік органдардың қызметкерлерін 15%-ға қысқарту туралы жарлығы күшіне енеді.
Жарлықты жүзеге асыру нәтижесінде республика бойынша мемлекеттік органдардың штаттық шекті саны 26 мың адамға қысқартылады.
Штаттық құрамды оңтайландыру нәтижесінде үнемделетін бюджет қаржысы 2011 жылы Т18,6 млрд құрайды деп болжанып отыр, оның Т14,3 млрд – республикалық бюджет қаржысы, Т4,3 млрд – жергілікті бюджеттің қаржысы.