AES 2010 жылдың соңына дейін «Шығысэнерготрейдті» «Самұрық Энергоның» басқаруына беруі мүмкін
Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ – AES корпорациясы 2010 жылдың соңына дейін «Шығысэнерготрейд» қуатпен қамтамасыз етуші ұйымын (ҚҚҰ) «Самұрық Энерго» АҚ-ның басқаруына беруі мүмкін, делінген AES хабарламасында.
«Қазақстандағы AES компаниялар тобы «Самұрық Энерго» АҚ Шығыс Қазақстан облысындағы (ШҚО) «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ін басқаруға қызығушылық танытқанын хабарлайды. Қазіргі уақытта тараптар басқаруды тапсыру шарттарын талқылап жатыр, келіссөздерді 2010 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Онда айтылғандай, «Шығысэнерготрейдтің» төмен тарифі және Семейдегі коммуналдық қызметтердің қарыздары ШҚО-да 2010 жылдың басында электр қуатын беруге бірнеше рет шектеу енгізуге себеп болған. Сәуір айында тарифті көтеру ұйымға аймаққа электр қуатын іркіліссіз беріп, KEGOC алдындағы қарызын төмендетуге мүмкіндік берді.
Алайда тарифтің қазіргі деңгейі «Шығысэнерготрейдке» 2011 жылдың қаңтар айынан бастап аймаққа электр қуатын сенімді жеткізе алатынына кепілдік бермейді.

«Қазақстандағы AES компаниялар тобы «Самұрық Энерго» АҚ «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ін басқара отырып, ТМРА-ның ШҚО бойынша департаментімен тарифтің қажет деңгейі бойынша келісімге қол жеткізе алады деп үміттенеді. Бұл Шығыс Қазақстан облысын электр қуатымен үзіліссіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
«Шығысэнерготрейд» ЖШС 2004 жылдың 28 қырқүйегінде құрылған, ол акцияларының 100%-ы мемлекетке тиесілі «Шығысқазақстандық Аймақтық Энергетикалық Компания» АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады. Кәсіпорын ШҚО-да 465 мыңнан аса тұтынушыға, соның ішінде 16 мың заңды тұлғаға қызмет көрсетеді.
Қазақстанда AES-ке электр және жылу қуатын өндірумен, жеткізумен, қамтамасыз етумен айналысатын компаниялар тобы кіреді. Бұл Өскемен ГЭС-і, Шүлбі ГЭС-і, AES Өскемен ЖЭО, AES Соғра ЖЭО, Өскемен жылу желілері, Шығыс Қазақстанның энергетикалық компаниясы, «Шығысэнерготрейд» және «Нұрэнергосервис» трейдер-компаниялары.
«Самұрық-Энерго» АҚ 2007 жылдың мамырында мемлекеттік электр-энергетикалық активтерін біріктіріп, Қазақстандағы электр энергиясын өндіруші қуаттарды жөндеу және жаңаларын салу үшін құрылды.