Алматыда ителгі құстарын заңсыз аулаған Таяу Шығыс елінің екі азаматы ұсталды – ІІМ
Астана. 20 қазан. ҚазТАГ – Алматыда қызыл кітапқа енгізілген ителгі құстарын заңсыз аулаумен айналысқан Таяу Шығыс елінің екі азаматы ұсталды, деп мәлім етті ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов.
«Алматы қаласында «Балобан» тұқымдас сұңқарларды заңсыз аулағаны үшін Таяу Шығыс елінің екі азаматы ұсталды. Олар жалға алған пәтерден Қызыл Кітапқа енгізілген 8 сұңқар, сондай-ақ, құстарды аулауға арналған қолдан жасалған қақпандар тәркіленді»,-деді ол сәрсенбі күні брифингте.
Қ. Жұмановтың айтуынша, сараптама (орнитологиялық) тағайындалып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатыр.
Жыл басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері сұңқарларды аулаудың 5 фактісін анықтап, олардың үшеуі бойынша қылмыстық іс қозғады.