Жұма, 2 Қазан 2026
Жаңалықтар 3013 0 пікір 21 Қазан, 2010 сағат 04:18

Қазақстан ИКҰ төрағалығында Малайзияның тәжірибесін алмақшы

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Ислам конференциясы ұйымындағы (ИКҰ)төрағалығында Малайзияның тәжірибесін алмақшы. Бұл туралы Путраджайда Қазақстан елшісі Бейбіт Атамқұловтың Малайзияның сыртқы істер министрінің орынбасары сенатор  Кохилан Пиллэймен кездесуінде әңгіме болды, деп ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына келесі жылғы төрағалығын ескере отырып, аталған ұйымдағы малайзиялық төрағалықтың тәжірибесін зерттеу мақсатында сарапшылар деңгейінде ведомство аралық кездесулер ұйымдастыру ұсынылды», - делінген хабарда.

Кездесу барысында тараптар екі елдің де көптеген халықаралық проблемаларға деген ұқсас көзқарасы барлығын, көптеген халықаралық және аймақтық ұйымдардағы өзара ынтымақтастықты айта отырып,  қазақстан-малайзиялық қарым-қатынас динамикасын атап өтті.

«Бұл тұрғыда едәуір саяси және экономикалық әлеуеті бар Малайзия, Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктесі ретінде біздің елдің сыртқы саясат координаттарында дәстүрлі түрде маңызды орын алатыны көрсетілді», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық саладағы екі жақты ынтымақтастықтың даму перспективасы туралы пікір алмасылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 356
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 377
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 549