Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5568 15 пікір 27 Сәуір, 2017 сағат 12:04

2017 жылы 346 мың қазақстандық жұмыспен қамтылады

Бұл туралы «Нұр Отанның» партиялық тыңдауында белгілі болды.  Бұл   іс-шара биылғы жылы бастау алған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына арналды.

Жаппай жұмысқа орналастыруды ең алдымен ірі мемлекеттік және салалық жобаларды іске асыру, жаңа кәсіпорындардың құрылысы, халық тығыз орналасқан өңірлердің азаматтарын қоныс аудару, сондай-ақ кәсібін жаңа бастаған бизнесмендерге шағын несие беру есебінен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Отырыста «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жаңа бағдарлама жұмыс қолының жетіспеушілігі мәселесін шешуі тиіс екенін атап өтті.

«Өткен жылы ғана ең алдымен көрші елдерден табыс табу үшін миллиондаған шетелдіктер келді. Бұл біздің республикамызда 445 мың жұмыссыздың тіркелгеніне қарамастан. Өте оғаш жағдай. Егер бұл проблеманы шеше алсақ, бізде мұндай жұмыссыздық мәселесі мүлде болмайды», - деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320