Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2134 0 пікір 22 Қазан, 2010 сағат 10:22

Шахтинскіде инкассатордың көлігіне шабуыл жасағандардың екеуінің басқа банкке қарулы шабуыл жасау әрекетіне қатысы бар – ІІМ

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ – Шахтинскіде инкассатордың көлігіне шабуыл жасағандардың екеуі 2009-шы жылы Қарағандыдағы басқа банкке қарулы шабуыл жасау әрекетіне қатысы бар. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі сәрсенбі күні мәлім етті.

«ІІМ мен ІІД қызметкерлерінен тұратын тергеу-оперативтік топтың жүргізген тергеу амалдарының барысында Шахтинскідегі инкассаторлық көлікке шабуыл жасағандардың екеуінің былтыр Қарағандыдағы басқа екінші деңгейдегі банкке шабуыл жасауға қатысы бар екендігі анықталды», - делінген хабарда.

2010-шы жылы наурызда тонау әрекеті де сәтсіз аяқталды. Одан басқа, қарақшылар оқиға орнында бірқатар іздерін, оның ішінде қанын да қалдырыпты, делінген ақпараттық баянда.

Қазіргі уақытта қылмыскерлердің мойындауларын қуаттау үшін бірқатар сараптамалар жүргізілмекші.

Бұрын хабарланғандай, Шахтинскідегі Халық банкінің инкассаторларына шабуыл 12-ші қазанда орын алды. Шабуыл нәтижесінде қарақшылардың біреуі аяғынан жараланып, қолға түсті. Екеуі автомобильде қашып үлгерді. Бірақ оперативтік іздестіру шараларының барысында олар да қолға түсті.

Ұсталғандар тергеу барысында қарақшылық шабуылға дайындық барысында жеке таксисті өлтіріп, оның көлігін иеленгенін мойындады.

Қарағандыда Қазкоммерцбанктің бөлімшесіне қарулы шабуыл 2009-шы жылы 18-ші наурызда орын алды. Олар қарумен қорқытып, ақша тонамақшы болған, бірақ оларға персоналдың әрекеті кедергі болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510