Әулиеағашты өртеп жіберіпті
Алматы облысы, Панфилов ауданындағы жұрт сан ғасырдан бері киелі орын санайтын Әулиеағашты белгісіз біреулер өртеп кеткен. Табиғаттың ерен сыйы - киелі Әулиеағаштың отқа оранғанын естіген ел жағасын ұстап отыр. Редакциямызға келіп түскен ақпаратқа қарағанда, Әулиеағаштың шырақшысы Рая Бидайбекқызы Әулиағаштағы өртті сөндіру кезінде оның әдейі өртелгенін білгендерін, және соңынан Жаркенттегі орталық мешітте жұма намазынан шыққан бір топ жас Әулиағашты өртеу керек деген жоспар құрғандарын естігендерін, әзірге олардың кімдер екенін біле алмай дал болып отырғанын айтады.
«Абай-ақпарат»