Ташкент пен Новосибирск ұшақтары Ыстықкөлге қатынайды
Ыстықкөлге Ташкент пен Новосибирск қаласынан ұшақтар ұша бастайды. Өзбек туристік агенттіктерінің мәліметі бойынша, 5 шілдеден 30 тамыз аралығында ұшақтар Ташкент әуежайынан қырғыздың Тамчы әуежайына қатынайды.
Diplomatic VIP және Travel Service компанияларының хабарлауынша, әрбір сәрсенбі сайын жергілікті «Боинг»-757-231 ұшағы Ташкент–Тамчы–Ташкент бағыты бойынша ұшады. Ұшу қашықтығы – 1 сағат 20 минут. Бағасы - 340 доллар.
Бұған қоса, Ыстықкөлге Сібірдің ең ірі қаласы - Новосибирскіден рейс ашылды. S7 airlines компаниясының Embraer-170 ұшағы сәрсенбі және жұма күндері Тамчыға қатынайды. Ұшу ұзақтығы – 2 сағат 50 минут.
Астана–Тамчы–Астана, Алматы–Тамчы–Астана және Шымкент–Тамчы–Шымкент халықаралық рейстерін қайта ашу жоспарда бар.
Абай-ақпарат