Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2144 0 пікір 28 Қазан, 2010 сағат 07:00

СҚО-да қуат жабдықтарын ұрлаудан келген шығын Т1 млн-нан асты

Петропавл. 28 қазан. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында биыл қуат жабдықтарын ұрлаудан келген шығын Т1 млн-нан асты, деп бейсенбі күні «СевКазЭнерго» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ағымдағы жылы «Северо-Казахстанская РЭК» АҚ балансындағы қуат жабдықтарын ұрлаудың ондаған фактілері тіркелген. Көп жағдайда полиция қылмыс құрамы жоқтығы себепті қылмыстық іс ашудан бас тартады. Себебі, заң бойынша, 10 АЕК-тен аз сомадағы мекеме меншігіндегі мүліктің ұсақ ұрланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Бірақ осындай ұсақ ұрлықтардан едәуір сома жиналады», - дейді баспасөз қызметінен.

Мысалы, маусым айында Петропавлдағы екі трансформаторлық подстанция (ТП) зардап шекті. Кернеудің секіруінен ТП жұмысын сақтап тұратын қосқыш тетіктің сақтандырғыштары ұрланыпты. Мұның салдары тұтынушылар үшін тұрмыстық техникаларының бұзылуы немесе өртенуі болуы мүмкін еді.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, РЭК ең көбі металл аңшыларынан зардап шегеді. Олар жыл бойына 126 м болат бұрыштамаларын ұрлаған. Ал одан  «Петропавловская ТЭЦ-2 – Петухово» 110 кВ ЖЖ ЭТЖ-нің тіректерінің металлқұрылымы жинақталған. Бұл жағдай қатты жел тұрғанда тіректердің опырылып құлау қаупін тудырады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435