Жексенбі, 6 Сәуір 2025
3859 0 пікір 12 Мамыр, 2017 сағат 10:41

Сотталған түркімендерге Азиадаға баруға тыйым салынды

Түркіменстан астанасының полициясы істі болған тұрғындарға Азиады-2017 ойындары өтетін көшелерге және атлеттер қалашығына жақындауға тыйым салды. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

Ашхабадтың істі болған тұрғындарын полицияға шақыра бастады. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері бұрын сотталғандардың үйлеріне барып, олардың қазір немен шұғылданып жүргенін тексереді, деп хабарлады "Хроника Туркменистана" ақпараттық агенттігі.

Ашхабад қаласының 52 жастағы тұрғынының Азаттық радиосына хабарлауынша, полициядағы тергеуден соң, оларға атлет қалашығы мен жарыстар өтетін көшелерге жақындамауын ескерткен. "Маған жарыстар өтіп жатқа орындарға баруға тыйым салды. Атлеттер қалашығында қылмыс жасалатын болса, сұрау бізден болатынын ескертті", - деді ол.

Халықаралық ұйымдардың зерттеулеріне сәйкес, Түркіменстан жан басына шаққанда істі болған тұрғындары көп елдердің қатарына жатады. Америкалық "Prison Policy Initiative" үкіметтік емес ұйымының есебі бойынша, Түркіменстан түрмеде отырып келген тұрғындар үлесі жөнінен әлемде екінші орын алды. Хабарларға қарағанда, республикада 100 мың тұрғынның 583-і түрмеде болған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1532
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4260
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3166