Сенбі, 23 Қараша 2024
Осы ғой енді... 5251 3 пікір 18 Мамыр, 2017 сағат 09:14

Сотта қарнын тіліп жіберді

Сәтпаев қаласының тұрғыны Жанболат Оспанов Жезқазған қалалық сотының ғимаратында сот шешіміне наразылық білдіріп, қарнын тілді. Ол өзін заңсыз жұмыстан шығарды деп «Қазақмыс» корпорациясын сотқа берген.

Бірер күн бұрын Қарағанды облыстық соты қаулыны оның пайдасына шығармаған. Жезқазған қалалық сотының төрағасымен кездесуді талап еткен Жанболат Оспанов сот ғимаратында полицияның көзінше қарнын тіліп, денесіне жарақат салған.

Жезқазған қаласы ауруханасының травматология бөлімшесі пациент таңға дейін палатада бақылауда қалды деп хабарлады. «Оның жағдайы бір қалыпты, операция жасалды. Қазір тек қадағалау керек», - деді дәрігер Рүстем Нысанбаев.

28 жастағы Оспановтың өзі телефон арқылы мұндай қадамға әділдік іздеу үшін амалсыздан барғанын айтты. Оның сөздерінше, облыстық соттың апелляциялық алқасы Жезқазған қалалық сотының өзін жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін жойған.

«Казахмыс» корпорациясы Жанболат Оспанов 2014 жылдан бері кәсіпорында слесарь-жөндеуші болып, кейіннен кенде машинист болып істегенін хабарлайды. «Жұмысшымен келісім Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы, 8-тармақшасына сәйкес (еңбек тәртібін бұзғаны үшін, жұмысқа келмей қалғаны үшін) 2016 жылдың қазан айында тоқтатылды», - делінген корпорация жауабында.

Абай-ақпарат

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502