«Жол картасы» жұмыспен қамтуға жол ашты»
«Жол картасына» байланысты жұмыстар өңірімізде биыл да қарқын алып отыр. Осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде газет тілшісі облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Т.Сапаровпен әңгімелескен еді.
- Табылғали Сатқалиұлы, Елбасының «Жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл облыста қандай басты жұмыстар атқарылды, алдымен осыған тоқталсаңыз?
- Халықты жұмыспен қамтып қана қоймай, дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты даму үшін жағдай жасауды көздейтін аталмыш бағдарлама өткен жылы бастау алып, жақсы нәтижелерге жеткізсе, ол биыл да сәтті жалғасып отыр. Атап айтқанда, 2010 жылы Батыс Қазақстан облысында «Жол картасын» жүзеге асыруға
5498,4 млн. теңге қаралса, соның ішінде 60 инвестициялық жобаға - 4705,2 млн. теңге, мұның
3128,0 млн. теңгесі республикалық, 1577,2 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен, «Жастар тәжірибесі» мен әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасын кеңейтуге ел қазынасынан 312,0 млн. теңге және кадрларды даярлау, қайта оқыту және біліктілігін арттыруға 481,2 млн. теңге бөлінді.

«Жол картасы» төрт инвестициялық бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Мұның біріншісі: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін қайта жаңарту және дамыту - 25 жоба 2 346,0 млн. теңгеге (республикалық бюджет - 1525,7 млн. теңге, жергілікті бюджет - 820,4 млн. тенге); екіншісі: жолдарды жөндеу, қайта жаңарту және салу - 4 жоба 757,4 млн. теңгеге (РБ - 542,7 млн. теңге, ЖБ - 214,6 млн. теңге); үшіншісі: мектептерді, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу және жылыту - 21 жоба 1348,4 млн. теңгеге (РБ - 899,3 млн. теңге, ЖБ - 449,0 млн. теңге); төртіншісі: қала мен кент-ауылдардағы ауылдық округтердегі басымдық бағыттағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыру - 10 жоба 239,8 млн. теңгеге орындалмақ.
Биылғы тамыздың 1-іне дейін қаржы жоспары бойынша
3708,5 млн. теңге бөлініп, соның 3593,6 млн. теңгесі игерілді немесе 98,5%. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында 5083 жаңа жұмыс орны ашылып, соның арқасында
3495 адам еңбекке тартылды.
- Дегенмен өткен жылға қарағанда, биылғы «Жол картасының» ерекшеліктері қандай, нендей мәселелерге баса көңіл бөлінуде?
- Шынында да, биылғы «Жол картасы» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін қайта жаңарту және дамыту бағытындағы жобалардың көбеюімен ерекшеленеді. Айталық, бес бірдей жылумен қамту, төрт арналық кәріз, үш сумен қамту, Сырым, Қаратөбе аудандарын газбен қамту, үш электрмен жабдықтау, тоғыз абаттандыру нысандары бойынша жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар биылғы 60 жобаның 27-сі облыс орталығында жүзеге асып жатқандықтан, қаладағы нысандарға жетіспей жатқан жұмысшылар аудандардан тартылды. Ауданнан келгендер үшін қолайлы жағдай жасалды, яғни жатын орны, түскі тамақпен қамтылып, басқа да шығындары өтеледі.
Әлеуметтік жұмыс орындары және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына республикалық бюджеттен 312 млн. теңге бөлінді дедік. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен келіп түскен мәліметтер бойынша 379 ұйым-кәсіпорынмен әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға келісімшарт жасалып, оларға 1773 адам жіберілген. Қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген 119,7 млн. теңге толықтай игеріліп отыр. «Жастар тәжірибесі» бойынша 981 түлек жолданып, қаржы жоспарына сәйкес бөлінген
51,1 млн. теңгенің 50,6 млн. теңгесі игерілді немесе 99,0%.
- Тағы бір сауал, жалпы, облыста халықты жұмыспен қамту мәселесі қалай шешілуде, меже орындалып отыр ма?
- Әрине, халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған топтарды әлеуметтік қорғау, олардың өмір сүру деңгейін жоғарылату мәселелері күн тәртібінен түспек емес. Осы бағытта әлеуметтік бағдарламалар да қолға алынып келеді. Мәселен, «Жол картасымен» қатар Батыс Қазақстан облысы халқын жұмыспен қамтудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы биыл қорытындыланбақ. Жыл басынан бері 13152 адам жұмысқа орналасу жөнінде өтініш жасаса, соның 9854-і өз орнын тапты. Экономиканың түрлі саласында 8969 жаңа жұмыс орны ашылса, соның 4319-ы ауылдық жерлердің еншісінде. Облыс бойынша бос жұмыс орындары ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына орналастырылып, апта сайын жаңартылып отырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың аты айтып тұрғанындай, бұл әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдарға арналады, сонысымен де нәтижелі болып отыр. Мұндай орындарға жұмыссыздар мемлекеттік мекемелермен қатар меншік нысанына қарамастан, басқа да кәсіпорын-ұйымдарға жіберіледі. 2010 жылғы тамыздың 1-іне дейін ашылған әлеуметтік жұмыс орындарына 2490 адам, соның ішінде 717-сі аймақтық бағдарлама бойынша жолданды. Жергілікті бюджет есебінен кадрларды даярлау, қайта оқыту және біліктілігін арттыруға 842 адам жіберілді. Бұдан бөлек еңбек нарығында сұраныс артып отырған мамандықтар бойынша кәсіби даярлау, қайта оқыту және біліктілігін арттыру ісі жұмыс берушілердің қаражаты есебінен де «Қайырымдылық-қолдау» қоғамдық бірлестігінің көмегі арқылы жүргізіліп келеді.
Жұмыссыздарды жұмыспен қамту ауылдық округтерде де жалғасуда, мұнда жыл басынан бері 681 адам еңбекпен қамтылды. Олардың 252-сі жұмысқа орналастырылса, 73-і тәжірибеден өтуге жолданды. Шетелдік компаниялардың қаржысы есебінен жұмыссыздар есебінен 356 адам кәсіби және қайта даярлықтан өтті.
Адамдарды қоғамдық жұмыстарға жіберіп, уақытша жұмыспен қамтамасыз ету де маңызды. Қоғамдық жұмыстарға 4776 адам жіберілсе, соның 77,1%-ы ауылдық жерлерден.
Осы жұмыстардың нәтижесінде 2010 жылғы тамыздың 1-іне дейін ресми тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 2009 жылғы шілденің 1-індегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайызға төмендеп, 0,7 пайызды құрады.
Қорыта айтқанда, өңірде аса маңызды міндет - халықты жұмыспен қамту ісі жоспарлы түрде жүргізіліп келеді.
- Әңгімеңізге рақмет.
Әңгімелескен
Ғайса БӘЙМЕН.