Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3723 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 18:40

КЕМЕЛДI КЕЛЕШЕККЕ — КЕМЕҢГЕР БАСШЫМЕН

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Оңтүстiк Қазақстан облысындағы сапарынан кейiн ел iшiнде бiрқатар жылы пiкiрлер қалды. Соның бiр парасын газет бетiне жариялап отырмыз.

Тәуелсiздiкке қол жеткiзген жылдары бiздiң қазақ халқы өзгелерге қарағанда, ерекше қуанды. Сондықтан да шығар, елдiң еңсесiн тiктеп, егемендiктiң қазығын нықтап қақты. Әрине, бұл көш тiзгiнiн қолға ұстаған Елбасы еңбегiнiң жемiсi деуге болады. Өз алдына отау тiккен Қазақстан халқы аштықтың, қатты күйзелiстiң азабын тартқан жоқ. Өз арбасын өзi сүйретiп, қатарға қосылды. Мал санын көбейттi, жер жыртып, егiн ектi. Сөйтiп жүрiп дастарханын дәнге толтырды. Бұл халықтың ынтымағын ұйыстырды. Қазақ деген елдiң қонақжай пейiлiн, даласындай дарқан мiнезiн өзгелер де мойындады.

1992 жылы Елбасы Н.Назарбаев Түркияның сол кездегi президентi Сүлеймен Демирелдi ертiп, Арыстанбабқа тәу еттi. Сол жерде елдiң  ақсақалы ретiнде екi Президентке "өздерiң билеген елдiң көсегесiн көгертiңдер" деп бата берген едiм.  Сол үмiт орындалды деп айтуға бүгiн толық негiз бар. Әр қоғам өз дамуын реттеген, жолға қойған өз тұлғасын дәрiптеп жатса, бұл кейiнгi ұрпаққа үлкен сабақ. Мұны кеше Түркiстанға келген Түркия Президентi де атап өттi. Ол Елбасыға билiктiң ежелгi белгiсi - аса таяқты табыс ете тұрып, Мемлекет басшысын түркiтiлдес халықтардың көшбасшысы деп танитынын жеткiздi.

Жалпы, екi елдiң ынтымақтастығы сонау 90-шы жылдары тәуелсiздiк алған күннен басталған. Содан берi бiзде ұлы достықтың белгiсiндей Халықаралық қазақ-түрiк университетi бой көтердi. Бауырлас қалалардың саны көбейдi. Бұл ынтымақтастық болашақ ұрпақ үшiн мәңгi достықтың кепiлi болып қалатындығы даусыз.

Әдiһам ШIЛТЕРХАНОВ,

жазушы, соғыс және еңбек ардагерi.

Президент қай өңiрге барса да жергiлiктi барлық салаға үлкен серпiлiс әкеледi. Түркiстандағы кездесуде Елбасы бiлiм сапасы туралы тағы да ерекше тоқталды. Менiң ойымша, балабақшадан бастап, мектеп, арнаулы, жоғары оқу орындары арасында сабақтастық, кәсiптiк көзқарас қалыптасқаны жөн. Шыны керек, бiлiм саласында саннан сапаға, құр сөзден iске көшетiн кез келдi. Ғылым саласында озық жетiстiкке жете бiлсек, сонда ғана әлем жұрты өзiнен-өзi қазақ тiлiн үйренуге ұмтылады. Бiзге технократтық ой-өрiс қажет. Әрбiр қазақтың ұл-қызы компьютердiң, жоғары техниканың құлағында ойнаса ғана келешегiмiз кемелденедi. Ұлт сапасы мен санасын көтеруге Президент барлық жағдай жасап отыр. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында дүниежүзiндегi озық мектептерден кем емес бiлiм ошақтары бой көтеруде. Елдегi жоғары оқу орындарына әлемнiң жетекшi университеттерiнiң рейтингiне енуге ұмтылу жөнiнде талап қойып отыр. Барлық жоғары оқу орындары жаңа ғасыр талабына сай, жаһандық бәсекеге қабiлеттi мамандарды әзiрлеуi тиiс.

Тағы бiр айта кетерлiгi, Елбасы әлемдiк кеңiстiк аясында түркi дүниесiнiң алатын орны туралы үнемi айтып келе жатыр. Рухани бiрлiгi бар мемлекеттер ғана интеграциялық жүйеге кiрiге отырып, елдердiң iргесiн мықтап, мәдениетiн орнықтыра алады. Кеңес өкiметi тұсында түркiтiлдес елдердiң бiр-бiрiмен ынтымақтасуға мүмкiндiгi болмады.

Жаңа Қазақстан Орталық Азиядағы мемлекеттер арасында көшбасшы мемлекетке, оның Президентi Н.Назарбаев түркi әлемiнiң лидерiне айналып отыр. Кеше ғана Түркия Президентi Абдуллаһ Гүл өз сөзiнде Елбасының түркi елдерiн бiрiктiрудегi қажырлы еңбегiн бағалап, түркi әлемiнiң көшбасшысы екенiн айғақтайтын асатаяқ ұстатты. Бұл қазақ елiне деген үлкен құрмет деп бiлемiн.

Оңалбай АЯШЕВ,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Қазақ жерi -- түркi әлемiнiң тамыры, ежелден мәдениеттердiң тоғысқан алаңы. Қазақстан Президентi 2006 жылы Анталияда өткен саммитте түркiтiлдес мемлекеттердiң ассамблеясын және ақсақалдар кеңесiн құру қажеттiгiн ұсынған болатын. Мiне, бүгiн соның жемiсi мен нәтижесiн көрiп келемiз. Түрiк елi бауырлас, тамырлас ел қазақтармен бәсекелес емес, қайта керiсiнше, Қазақстанның күшейгенi жалпы түркi әлемi үшiн олжа. Ал, Президент Н.Назарбаев Түркия Президентi Абдуллаһ Гүлмен кездесуiнде Қазақстанда Түркi дүниесi академиясы ашылатынын мәлiмдедi. Ондағы мақсат - түбi бiр туыстас елдердiң тарихи, мәдени, рухани мұрасын зерттейтiн ғылыми орталық құру. Әрi қазақ жерiнiң геосаяси, географиялық орналасуы түркi әлемiнiң орталығы болуға лайықты. Бүгiнгiдей жаһандану кезеңiнде түркi тектес ұлттар тарихын жаңғырту керек екенi рас. Бұл Президент Н.Назарбаевтың келешекке әрқашан сергек қарайтынын көрсетедi. Яғни, Қазақстанның Мемлекет басшысы түркi әлемiнiң көшбасшысы екенiн iспен дәлелдеп келедi.

Қос ел Президентi бас қосқан жиында қазақ елiнiң басшысы Н.Назарбаев жоғары оқу орнында сапаны көтеруге байланысты тапсырма бердi. Бiз осы бағытта кешендi түрде жұмыс iстейтiн боламыз. Жыл сайын Түркиядан 50-ге жуық профессор келiп сабақ беруде. Университеттiң ғылыми әлеуетi үлкен. Қазiр оқу орнының филиалдарына талапкерлердi қабылдап жатқан жоқпыз. Бұрынғы студенттер оқу орнын аяқтаған соң филиалдар түгел жабылады. Оқу орнын дамыту жөнiнде 2012 жылға дейiнгi стратегиялық бағдарламамыз бар. Осы бағдарлама аясында Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындаймыз.

Махир НАКЫП,

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дiң бiрiншi вице-президентi,

менеджмент ғылымдарының докторы, профессор.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313