Сенбі, 23 Қараша 2024
4503 2 пікір 25 Мамыр, 2017 сағат 08:53

Өзбек саудагерлері тауарларын Қазақстанда қымбатқа сатқанына қуанды

????????????????????????????????????

Шымкент қаласындағы өзбек тауарлары көрмесіне қатысқан кәсіпкерлер Қазақстанмен сауда қатынасы жақсарғанын қалайды. Бірақ қазақстандық тарап өкілі ішкі нарықты қорғау қажеттігін алға тартып отыр.

12–13 мамырда Шымкентте көрмеге қатысқан кәсіпкер Салохиддин Зайнудинновтың айтуынша, саудагерлер өнімдерін Қазақстанда қымбатқа сата алды. "Мысалы, бізде 85 мың сум (шамамен жеті мың теңге) тұратын сувенирді Шымкентте 450 мың сумға сатуға болады. Шымкентте көрме өтетінін естіп, біз қатты қуандық", - деді ол.

Бағдаршам және жол белгілерін өндіруші Сергей Трахтенберг өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің саясаты "Қазақстанмен сауда қатынасын дамытады" деп үміттенеді.

Бұл уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер басқармасының бөлім басшысы Хикматулла Райымбеков өзбек тауарларының бағасы арзан екенін, бірақ ішкі нарықты да қорғау қажеттігін мәлімдеді. "Өзбекстандық тауарларды қазақстандық нарыққа жіберсек, отандық тауар өндірушілерге қиын болады. Өзбек тауары - арзан", - деді шенеунік.

Биыл наурызда Қазақстан мен Өзбекстан арасында келісім қабылданғалы бері екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 30 пайызға өскен.

Абай-ақпарат

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377