«Қазақстан тәуелсіз болғанменен, қазақ әлі тәуелді…»
Үкімет қанатының астына алып, қамқорлық танытып жатқан айтысты көрдік. Қазақ билігінің жоспарына сәйкес, айтыс жылына екі рет өтіп тұратын болыпты. Әуелі, аудан, облыс, қала деңгейінде айтыстартар ұйымдастырылып, одан оза шапқан айтыскерлер астанамыз Астанададағы қортынды айтысқа қатысады. (Ой, Алла-ай, осы біздің үкіметтің де ойлап таппайтыны жоқ). Жоспар бойынша, жексенбі күні Алматыда қалалық ақындар айтысы өтті. Мемлекеттік айтысты тамашалаған көрермендер және айтыскерлермен үзілісте аз-кем шүйіркелестік.
Көрермен айтады: осы ғасырдың басындағыдай дүркіреген, елдің, жердің тағдырын өлең сөзге қосқан, биліктің озбырбылығын, қазақтың басындағы кем күнін жырлаған ақындарды сағындық. Бүгінгі ақындар да айтудай-ақ айтып жатыр. Бірақ баяғыдай қайдан болсын дейді.
Ал, айтысты мемлекет қамқорына алғанына көрерменнің көңілі алаң. Өйткені, ел ақындардың аузынан естігісі келетін бүгінгінің шындығы енді ақындардың ішінде өліп кетеді деп отыр. Кемпір араласқан ертегі оңбайды дегенге саяды.
Ал, айтыскерлер айтады: биліктің айтысты қолға алуы еркін сөзге, дала демократиясының айғағы атанған айтыстың аяғына тұсау салатынын сөзсіз дейді. Бірақ ақындардың іркіліп қалған жері жоқ дегенді де қосып қояды.

Енді, Алматыда өткен ақындар айтысына келейік. Жамбыл атындағы филормония залы көрерменге лық толды. Ақындар барын салып бақты. Қызық болғанда, қалалық әкімшілік өзі ұйымдастырған айтыстың әділқазылар құрамына өзінің кішкентай шенеуніктерінде енгізіпті. Арда өнерге әділ төрелігін айтатындардың арасынан қалалық әкімшіліктің біз танитын екі бірдей өкілі Мамай Ахет пен Кенжехан Матыжанов отырды. Ринат пен Айбек ақындар Досқалиевтің жайына қарай ойысып, бүгінгінің нақты жағдайын жырламаққа бет бұрғаны сол еді, қазылар алқасындағы әділ төренің бірі Ғалым Жайлыбай «уақыт бітті» деп ақындардың аузына биліктің қақпағын қойды. Осы жерде Жүрсін Ерман «негізігі уақыт аяқталмаса да, мен ешнәрсе жасай алмаймын. Бүгінгі қазылардың арасында әкімшіліктің адамдары отыр», деп қойып қалды. Бұдан кейінгі жерде қазылар, (әділ деген сөзді қосуға ыңғайсызданып отырмыз) абырой болғанда айтысты жол ортадан тоқтатқан жоқ. Ақындардыңда мемлекеттік айтысқа еті үйрене бастаған-ау деймін, ортадан жол тауып кетіп жатты. Бірақ, қазақ жайын айтпай қалған ақын болмады. Алаштың халін астарлап болсын әйтеуір, елге жеткізді. Көрерменде айтыскерлерін біртүрлі аяушылықпен «жоғарыға жақпайтын бір нәрсені қойып қалып, мына бала бәрін бүлдіріп алмаса болды» деген сыңайда тыңдағандай әсер қалдырды.
Сөйтіп, ұлы даладағы еркіндіктің, демократияның, сөз бостандығының, сөзге тоқтайтын биік мәдениеттің жасампаз үлгісі болып келген арда өнер айтыстың да биліктің торына түскенін көрдік. Айтыс пен хайуанттар бағындағы арыстанның халінде айырма қалмай барады-ау осы...
Айтпақшы, айтыскерлердің бірі «Қазақстан тәуелсіз болғанменен, қазақ әлі тәуелді...» деп жырлағаны есімізді қалыпты...Тегінде осы сөздің жаны бар...
«Абай-ақпарат»