Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 7143 6 пікір 2 Маусым, 2017 сағат 13:09

Денсаулық сақтау саласы «Нұр Отан» партиясының бақылауында

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жетекшілігімен «2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы» партиялық тыңдаулар өтті.

 

Бағдарламаның жүзеге асырылу барысы мен 2016 жылғы қорытындысы туралы баяндаған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов негізгі көрсеткіштердің көңіл қуантарлық екенін айтты. Бағдарлама бойынша бірқатар бағыттарға тоқталған министр: «Бірінші бағыт аясында қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің негізі қалыптасты. Екінші бағыт бойынша еліміздің жеті аймағындағы қалалық емханаларға ауруларды басқару бағдарламасын енгізуге арналған жоба жүзеге асырылуда. Үшінші бағытқа сай Үкіметтік емес ұйымдар, жеке секторлар және фарминдустрия өкілдерінен тұратын сапа жөніндегі бірлескен комиссия құрылды. Төртінші бағытты жүзеге асыру үшін Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бесінші бағыт бойынша міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілуде. Алтыншы бағыт аясында адам ресурстарын стратегиялық басқару және медициналық білімді жаңғырту бойынша нақты жобалар жүзеге асырылуда. Жетінші бағыт сай мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке басымдық беріліп отыр. Соған орай министрлік жанында Бизнес-кеңес жұмысын бастап, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті және инфрақұрылымды дамытудың жол картасы дайындалды», – деді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша кураторы Зәуреш Аманжолова мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрайымы Елена Бахмутова баяндама жасап, атқарылған жұмыстар жайында нақты деректер келтірді. Сондай-ақ, отырысқа қатысқан Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері аталған салаға қатысты өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан жауап алды.

Иә, денсаулықтың маңызы қай кезде де аса жоғары. Сондықтан да «денсаулық – зор байлық» деп халқымыз оған ежелден ерекше көңіл бөлген. Бүгінде адам баласының шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап дәрігерлердің бақылауында болатыны тағы бар. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының денсаулық сақтауды жіті бақылауында ұстап, Елбасы жүктеген әр міндеттің орындалуын қадағалауы құптарлық іс.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366