Жұма, 22 Қараша 2024
Экономика 4305 0 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 11:16

«Самұрық-Қазына» отандық ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласын қолдайды

«Самұрық-Қазына» отандық ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласын қолдауға бейілді. Бұл - бизнес-процестерді автоматтандыру, өндірісті модернизациялау және озық ақпараттық-талдау жүйесін енгізу саласындағы нақты қажеттіліктерден туындап отыр.

Осы мәселе бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ және Қазақстандық IT компаниялар қауымдастығы (ҚИТКҚ) отандық ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласын қолдау бойынша хаттамаға қол қойды.

Құжат Қор тобының компаниялары, «Атамекен» ҰКП, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «ИТП» АЭА инновациялық қауымдастығы, «Инновациялық кәсіпорындардың қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитеті қызметінде цифрлық технологияларды дамыту мәселелері бойынша Сараптамалық кеңестің өкілдерінің жұмысының нәтижесінде қол қойылды.

«Отандық IT-компанияларға Қор компанияларының бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша бірлескен жобалар жасауға рұқсат етіліп, олардың белсенді қатысулары тиіс екенін түсіндік. Хаттаманы жүзеге асыру - қазіргі кезде дами түсуіне және жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қажетті жұмыс көлемін табу кезінде қиындықтарға тап болған бағдарламалық қамсыздандырулар жасайтын отандық IT-компанияларға оң әсерін тигізетін болады», - деп атап өтті қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығының президенті Нұрлан Исин.

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде біз отандық бағдарламалық қамсыздандыруларды әзірлеушілерге қолдау көрсетуге дайынбыз және өз кезегінде бәсекеге қабілетті өнімдер мен құралдар күтеміз. Атап айтқанда, бүгінгі күні бізде бизнес-процестерді автоматтандыру, өндірісті модернизациялау және озық ақпараттық-талдау жүйесін енгізу саласында нақты қажеттіліктер бар», - деді Қордың адам ресурстары мен коммуникацияларын басқару бойынша басқарушы директоры Ұлан Тәжібаев.

«Самұрық-Қазына» АҚ цифрлық технологияларды дамыту мәселелері бойынша Сараптамалық кеңестің жұмыс топтарының құрамына ҚИТКҚ және Қор тобының компаниялары өкілдері кіреді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273