Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Әне, көрдің бе? 7957 21 пікір 8 Маусым, 2017 сағат 16:47

Назарбаев: Қытай - жақын көрші ғана емес, сенімді дос ел

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қытай лидері Си Цзиньпинмен кездесу барысында Қазақстанның дамуы мен Қытайды не байланыстыратынын айтып берді. Назарбаев Қытайды «жақын көрші» ғана емес, арада «сенімді қарым-қатынас» қалыптасқан «досы» деп атады.

Назарбаев екі мемлекет арасында шешілмейтін мәселе жоқ деді. «Қытай Қазақстанның экономикада шетелдік инвестиция тарту жағынан негізгі серіктесі. Бастысы біз энергетикалық ынтымақтастық мәселесін шештік. Қазақстандағы мұнайдың 25 пайызын қытайлық компания өндіреді. Біз өте мұқият қараймыз, себебі олар – жақсы серіктестер», - деді Қазақстан президенті.

Мәлім болғандай, Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Қытайдың ұлттық мұнайгаз корпорациясының (CNPC) төрағасы Ван Илинь Астанада мұнайды пайдалануды үш жылға созу жөнінде меморандумға қол қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана Қытайдан 51 өндіріс кәсіпорнын Қазақстанға көшіру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр деді.

Абай-ақпарат

21 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1092
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730