ҚОҚМ бұрынғы басшысының қылмыстық ісі сотқа жолданды
Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшысы Нұрлан Ысқақовтың және осы ведомствоның екі вице-премьерінің қылмыстық ісі сотқа жолданды, деп хабарлады ҚР экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
«Прокуратура органдары ҚОҚМ бұрынғы басшысы Н. Ысқақовты, вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев пен Әлжан Бірәлиевті, «Меркурий плюс» ЖШС-нің өкілі А. Жайылғановты бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша айыптау қылмыстық ісін зерттеді, қылмыстық істің материалдары Астананың Есіл аудандық сотының қарауына жіберілді», - деді ол сәрсенбі күні брифингте.
Бұрын хабарланғандай, қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану және 1,1 млрд теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқыру деректері бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.