EXPO кезінде Люксембургтің ұлттық күні аталып өтеді
ЕХРО халықаралық көрмесі өтетін тоқсан үш күннің ішінде бас-аяғы 2,5 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылады. Соның бірі – Люксмебург ұлы герцогтігі күні. - деп хабарлайды Егемен Қазақстан.
ЕХРО аумағы қазір пікірталас орталығы немесе жетістіктер жәрмеңкесі ғана емес, насихат төрі секілденіп тұр. Әр ел – өз табысының жарнамашысы. Қазақстан мен Люксембург ұлы герцогтігінің Тулары көтеріліп, Әнұрандары ойналған соң сөз алған Люксембруг үкімет басшының орынбасары Этьен Шнайдер өз елінің озық технологиясын насихаттады.
"Жаңартылатын, баламалы қуат көздерін іздеуге мүмкіндік беретін «Астана ЭКСПО-2017» біздің мақсатпен үндес екен. Баламалы энергияны насихаттап жүрген елден үйренеріміз де көп, байланыс орнатуға деген құлшыныс та ерекше. Қазақстан көрмені жоғары деңгейде ұйымдастырды. Бұған да куә болдық", деді Люксембург премьер-министрінің орынбасары Этьен Шнайдер.
Абай-ақпарат