Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2733 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 10:41

Иран бизнесмендері қазақстандық визаларды алуда қиындықтарға тап болуда және ҚР меморгандардың жұмысына таң қалып отыр

Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ – Расул Рысмамбетов. Иран бизнесмендері Қазақстанға кіру үшін визаларды алуда қиындықтарға тап болуда. Сонымен қатар, олар республикамен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруда да қиындықтар бар екенін мәлімдеп отыр.

«Қазақстан - экономикалық тартымды ел, алайда жеке тәртіппен виза алу өте қиын. Біз ҚР елшілігіне виза алуға өтініш бергенімізде, әрқайсымыз үшін визаға Иран СІМ-нен сұраным-хат талап етті. Сонымен қатар, бізге сауалнамадан басқа көптеген қағаздарды толтыруды ұсынады. Біз министрліктен хат әкеле алмайтындықтан, елшілік қызметкерлері мамандандырылған туристік агенттіктердің көмегіне жүгінуге кеңес береді. Агенттіктерге біз тек өз құжаттарымызды және $130-$150 көлемде ақша береміз. Сол кезде бізден Иран СІМ-нен хат талап етпейді», - деп хабарлады ҚазТАГ тілшісіне ҚР-да өз ісін жауып жатқан ирандық трейдерлердің бірі.

Бизнесмендер бұл туралы айта отырып, жария еткен мәліметтер олардың Қазақстандағы бизнесін қиындатуы мүмкін екеніне қауіптеніп, өздерінің есімдерін атамауды өтінді.

Олардың айтуынша, ИИР-да Қазақстанда жұмыс істеу ниеті бар бизнесмендердің саны азайып келеді.

«Бізге ресейлік визаны рәсімдеп, Астрахань арқылы жұмыс істеген анағұрлым жеңілірек, бұған қоса, ресейлік трейдерлер қазақстандық тауарларды Қазақстандағы бағадан да арзанға сатады», деп мәлім етті олар. 

Сондай-ақ, олардың сөздеріне қарағанда, Қазақстаннан кез-келген тауарды шығару экпорттық вагондардан бастап, қазақстандық айлақтардағы қуаттарға дейін, кез-келген көлік құралдарының жетіспеушілігі салдарынан күрделі мәселеге айналып отыр.

«Жақында Иран бизнесмендері Алматыдағы тауар биржасына барды, өйткені оларға қажет тауарларды ұйымдасқан түрде бір жерден сатып алған тиімді. Бидай партиясын сатып алған іскерлер экспорттық вагондардың жоқтығы салдарынан оларды шығару проблемасына тап болған», - деп түсіндірді республика қонақтарының бірі. Оның айтуынша, осыған байланысты Иран делегациясы жаңа келісімшарттарды жасаудан бас тартқан.

Сонымен қатар, ирандық іскерлер үшін ҚР құқық қорғау органдарымен де қиындықтар туындап отыр.

«Жақында Алматы әуежайында төлқұжат бақылауында ирандық әйел кәсіпкерлердің бірін басындағы орамалын шешуге мәжбүрлеген. Ол мұсылман екенін айтып, орамалды шеше алмайтынын түсіндірген, ал орамал оның бетін жауып тұрмаған. Әуежай қызметкерлері бұған назар аудармай, айтқандарын орындауды талап еткен».

Ирандық коммерсанттар да қалаға келгенде осындай қиындықтарға тап болып жатады.

«Мен «Уют» қонақ үйінің алдында тұрғанмын, маған полиция қызметкерлері жақындап, құжаттарымды көрсетуімді сұрады. Менің құжаттарым қонақ үйде болғандықтан, оларды полицейлерге көрсету үшін немесе қонақ үй әкімшісі менің сонда тұрып жатқанымды растау үшін қонақ үйге баруды ұсындым. Алайда полиция қызметкерлері менімен барудан бас тартып, менің заң бұзушылығымды рәсімдеу үшін полиция учаскесіне еріп бару керектігімді айтты. Құжаттарымды тексермей мені босату үшін $50 төлеуге мәжбүр болдым», - деп мәлім етті бизнесмендердің бірі. Ол бұл оқиға осыдан үш ай бұрын болғанына қарамастан, Ираннан келген оның бизнесмен таныстары да осындай оқиғаларға ұшырап жүргенін жеткізді.

«Қазақстан – бізге өте жақын мемлекет, біздің халықтар көптеген ғасырлар бойы өзара сауда жасасқан. Республикада виза алу және жұмыс істеу жағдайлары қолайлы болса, бізге Қазақстанмен жұмыс істеген жеңілірек болатын еді», - деп қорытындылады ирандық іскерлер.

Биылғы жылдың сәуірінде Иран президенті Махмұд Ахмадинежадтың Қазақстанға сапары барысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев соңғы алты жылда екі елдің арасындағы сауда айналымы $400 млн-нан $2 млрд 100 млн-ға дейін бес есеге өскенін хабарлады. Ол «бұл көрсеткіш әлеуетті көрсеткіштен әлдеқайда төмен» екенін атап көрсетті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470