Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 5130 4 пікір 20 Маусым, 2017 сағат 11:14

БҰҰ: әлемде босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті – 65,6 миллион

БҰҰ мәліметі бойынша, 2016 жылы баспана сұраған және көшуге мәжбүр болған босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті – 65 миллион 600 мың адам. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 300 мың адамға көп.

Өткен жылы орташа есеппен минутына 20 адам өз үйін тастап кеткен, яғни әрбір үш секундта бір адам босқын атанады, деп есептейді БҰҰ сарапшылары.

Босқындардың көбі - бес жарым миллион адам Сириядан шыққан. Бұған қоса, баяндама дайындаушылар Оңтүстік Судандағы жағдайдың шиеленіскеніне назар аударды. Мұнда өткен жылғы әскери жанжалдан 800 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Жақында БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басшысы Филиппо Гранди әлемдік қауымдастықты босқындарды орналастыратын орынды 13 есе көбейтуге шақырды. Оның айтуынша, қазір тағы бір миллионнан астам адамды орналастыру қажет болып тұр.

Абай-ақпарат

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385