Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2646 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 13:39

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жалған агенттердің әрекеттері үшін жауапты емес, деп есептейді басқарма төрағасының орынбасары

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – Ирина Нос. Өздерін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның (ТҚЖБ) агенттері деп таныстыратын алаяқтардың әрекеттері үшінбанктің өзі жауапты емес, деп есептейді ТҚЖБ басқарма төрағасының орынбасары Асқар Қалиев.

«Ондай проблема (алаяқтар ТҚЖБ агенттері болып банкке салымдар жинаған - ҚазТАГ) шынымен де болды (…). Бұл жерде клиенттің құқықтық сауаттылығы туралы айта кеткен жөн. Біздің агенттер банк беріп, сәйкес қол қойылып, мөр басылған сенімхаттар бойынша жұмыс істейді. Ол сенімхатта агенттің салымдарды қабылдау, ақшамен операция жасау құқығы жлқ деп жазылған (…). Егер біздің салымшыларымыз оқуға тиіс нәрсені оқуды ұнатпаса, кешіріңіздер, бұған банктің еш кінәсі жоқ», - деді А. Қалиев сәрсенбі күні ҚазТАГ тілшісінің сәйкес сұрағына жауап бере отырып.

Оның ақпаратына сәйкес, ТҚЖБ 2009 жылдың маусымында еліміздің бірқатар аймағында сыналған пилоттық жобадан кейін штаттан тыс агенттік желіні құру жобасын аяқтап қалды.

«Біз еліміздегі қаржылық институттардың бәрі, банктік бөлімшелер пайдаланатын тетіктерді пайдаланамыз, бұл жерде біз жаңалық енгізіп жатқан жоқпыз. Сіздердің алаңдаушылығыңызды түсінемін, бірақ құжаттарды оқу керек, бұл біздің (Қазақстан азаматтарының - ҚазТАГ) қаржылық сауаттылығымызға қатысты жағдай», - деді А. Қалиев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394