Жұма, 22 Қараша 2024
Осы ғой енді... 8347 1 пікір 26 Маусым, 2017 сағат 09:48

Тапсырыспен үкім шығаратын сауатсыз судья    

Алматы қалалық сотының

Қылмыстық істер жөніндегі

апелляциялық алқасына

Алмалы  аудандық №1 сотының судьясы  Қ.Иманқұлов  сот ісін жүргізуде сотталушыны ақтау  үшін сот жүргізудің процессуальдық нормаларын өрескел бұзып  судья мәртебесіне лайық емес сауатсыздық танытып, кешірілмейтін қателіктерге жол берді. Судьялық лауазымдарын, қызмет билігін асыра пайдаланып менің конституциялық құқымды шектеп, ҚР ҚК-нің  418-бабында көзделген  заң бұзушылық-көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн шығарды.

Судья «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 3-тармағына сай судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және  тек Конституция мен заңға ғана бағынады» - деген талапты  орындамай, өзінің судьялық лауазымын теріс пайдаланып  «тапсырыс» бойынша  мемлекет атынан үкім шығарды.

Істі сотта қарау кезінде жол берілген Кодекстiң принциптерi мен өзге де жалпы ережелерін бұзушылықтар, сондай-ақ iске қатысушы адамдарды заңда кепілдiк берiлген құқықтарынан айыру, сот iсiн жүргiзу рәсiмiн сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге кедергi жасаған, сот төрелігінің үкімін немесе соттың өзге де шешімдерін шығаруға ықпал ететін, немесе ықпал етуі мүмкін заңды өзгедей де бұзушылықтар қылмыстық iс жүргізу заңын елеулi түрде бұзу болып танылады.  Осындай заң бұзушылық аталған істі қараған судья Қ.Иманқұлов   тарапынан  жіберілді.

ҚР ҚПК-ң 433-бабының 1,2,3,4,  434(1), 435 (1-4), 436(1,2)  тармақтарында көзделген  нормалар  бұзылып  сот тергеуi  бiржақты  жүргізіліп,  толық  талапқа сай зерттелмеді.    ҚР ҚПК-ң 434-баптың 1-ші тармағында:  «Анықталған жағдайда iстiң дұрыс шешiлуi үшiн елеулi мәнi болуы мүмкiн мән-жайларды ашылмаған күйi қалдырған сот тергеуi бiржақты немесе толық емес жүргізілген болып танылады»-деп нормаланған.

Судья өзінің басты міндеті заң нормаларын бұлжытпай  орындауға  тиісті бола тұрып, жеке бас мүддесін көздеп, қызметтік лауазымын пайдаланып  заңға қайшы әрекетке барып, сотта зерттелмеген ксерокөшірмедегі Л.Сыдықовтың хатына  сілтеме жасап, жеке шағымның шегінен шығып ҚР ҚПК-нің 122 бабының 2 тармағында көзделген  «...  Сот өз бастамасымен дәлелдемелер жинауға құқылы емес»   және  ҚР ҚПК-нің 112-бабы Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер   қатарына осы Кодекстiң 6) тармағында көрсетілген  «белгiсiз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден»  яғни  осы талаптар бұзыла отырып алынған жағдайда есептелмейді деген нормаға, қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды» - деген заң  талаптарын  бұзды..

Заң талабында көзделген   адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды деген заң  нормасына сүйеніп дәлелдеме қатарынан алып тастауды талап еттім, орындамады.  2011 жылы жазылған түпнұсқада берілмеген,   белгiсiз көзден   сот отырысында анықталмаған,   проректор Сыдықов пен Мұқашевтердің қолдары қойылған мені айыптаған дәлелсіз,  (ондағы маған жабылған жалалар сотпен жоққа шығарылса да), дәлелдеме ретінде ұсынылған жарамсыз  хатқа сүйеніп  заң талаптарына қайшы үкім шығарды.

Судья Қ.Иманқұлов істі жүргізу барысында лауазымын теріс пайдаланып менің жеке шағымыда көрсетілген бұлтартпайтын нақты айғақтарымды  көре-біле тұра,  ол айғақтар iстiң дұрыс шешiлуi үшiн елеулi мәнi  бар  мән-жайлар ретінде анықталса да, оларды заң талабына сай зерттемей ашылмаған күйi қалдырып  жасырды.

Үкімінің 2 бетіндегі 4 абзацта:  судья Иманқұлов мырза «сот, басты сот талқылауында зерттелген іске қатысушылар тарапынан ұсынылған әрбір дәлелдеменің қатыстылығы, жол берушілігі, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығында қылмыстық істі шешу үшін жеткілікті тұрғысынан заң мен ар-ожданын басшылыққа ала отырып, жан-жақты, толық және объективті қарауға негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша бағалап, келесі тұжырымға келеді»-деген ойын жеткізе алмаған «қойыртпақ» сөйлем жазған. Судьяның бұл тұжырымы ҚР  ҚПК-нің талаптарына қайшы, бұрмаланып берілген.   Заң талабы, ол кодексте қалай жазылды  солай  бұрмаланбай  сілтемені дәл   кодексте жазылғандай етіп беру міндеттелген.

Мынау кодекстегі  түпнұсқа варианты:  Дәлелдемелердi  iшкi сенім бойынша бағалау  деген  ҚР  ҚІЖК-нің 25-бабының 1 тармағында: «Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы дәлелдемелердi қаралған дәлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды, бұл ретте ол заң мен ар-ожданды басшылыққа алады»-делініп  заңдастырылып нормаланған. 

Қолданыстағы қазақ тілінің сөздігіне  жүгінетін болсақ, наным-сенім (қос сөз) – бір нәрсеге  илану, сену, күмәнданбау,  шүбә  келтірмеу; ар-ұят (қос сөз) – ар, намыс, әдеп;  ішкі түйсік (ішкі наным-сенім) – ақыл-ой, сезім, зейін, таным.

Ар-ұяттың көрсеткіші болатын ар-намыс кез-келген адамның адами болмысын анықтайтын психологиялық қасиет.  Ар-намыс ол жеке адамның бойындағы адалдық, әділеттілік, ақиқаттан аттамаушылық, ар, абырой, тектілік, тәрбие көргенділік секілді  қасиеттердің жиынтығының көрсеткіші туралы түсінік. Намыс ол адамға туа біткен  қасиет,   адамгершілікке жат-әрекеттерден сақтандырушы, арамдық, пасықтыққа, сатқындыққа қарсы тұратын рухты күш.

Ал судья Иманқұлов өзінің судьялық билігін теріс пайдаланып «бұл ретте ол заң мен ар-ожданды басшылыққа алады»  деген заң талаптарына  пысқырып та қарамай,  жасалған қылмысты жасырып «тапсырыспен»  үкім шығаруы,  ар-ождан яғни әділеттілік принципі  ішкі түйсік (ішкі наным-сенім) – ақыл-ой, сезім, зейін, танымының оның бойында  жоқ екендігін көрсетіп  отыр.  Ол ар-ожданды басшылыққа  алмаған әрекетімен   қызметтік жалғандық  жасап «тапсырыспен» қарсы тарап лауазым иесі «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы бойынша орынбасары Ж.Омарбекованы негізсіз ақтап   әділетсіз шешім шығарды.

Судьялардың аталған наным-сенімі   бар ма, жоқ па, бар болса ол қандай дәрежеде  сот шешімін  шығарарда ол наным-сенім  ақиқаттың  қай жағында болады, әділеттілік жағында ма, әлде әділетсіздік жағында ма, оны  тек заң талаптарын, нормаларын басшылыққа алған жағдайда ғана байқауға болады.  Заң нормалары судьялардың  жан-дүниесіндегі наным-сеніміне әсер ететін заңға сүйенген әділетті күшті сезімі болуы тиіс.

Судья  мемлекет атынан сот шешімін шығарғанда (ҚР ҚІЖК-нің 25-бабының 1 тармағы) Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалап, өзінің ішкі наным-сеніміне сүйенеді деп заңдастырылуы көзбояушылық, заңның негізгі гуманистік  мәніне қайшы жалған қағида.  Бүгінде судьялардың сот шешімін шығарарда жүгінетін ішкі наным-сенімі бастапқы көзделген әділеттілік мазмұнынан  алшақ,  тек тапсырыс берген ықпалды лауазым иелерінің немесе билігі, ақшасы барларға қызмет етумен  шектелуде.

Судьялардың сыбайластық әрекеттерінің етек алғандығы соншалықты олар шығарылған заң нормаларын (баптарын) өз ыңғайларына  сай бұрмалап, өз жеке бас мүдделеріне мүлтіксіз қызмет ететін  етіп, әртүрлі қитұрқы тәсілдермен бұрып, заңдастырып алады.        

Мен «Нұр-Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының бірінші орынбасары  Ж. Омарбековаға   «ҚР Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі» - деп көрсетілген 40-баптың 2 тармағына сүйеніп, жергілікті құқық қорғау органдарының 6 жыл бойы әуре-сарсаңға салып менің Конституциямен бекітілген құқығымды аяқсыз етуіне шағымданып барған болатынмын.

Алайда өзара сыбайласқан шенеуніктерден Омарбекова ханым  керісінше мен туралы жеке басымды қаралайтын жатымсыз мәліметтер жинап, оны Халықаралық журналистер Федерациясының мүшесі Жанна Ахметке сұхбат барысында шындыққа жанаспайтын менің  жеке басыма қатысты  қаралауларды   жария етіп таратқан. Ондағы мақсаты мені қаралап жұртқа жеккөрнішті етіп «өзі сондай екен» деген қоғамдық пікір туғызу.

Айыпталушы Омарбекова ханымның өз аузынан шыққан   ғаламторға   ақпан айының 4 жұлдызында  жарияланған  мына сөздері  «Есенғазы ағай   соттың шешімімен ол студенттерден ақша жинаған,  әртүрлі сөздер  сөйлеген. Бұның барлығы видео жазбада көрсетілген. Оның кінәсі дәлелденген. Университет оны жұмысқа қайта алғысы келмейді.    Мен тіпті ерінбей осы істің ақырына дейін жету үшін оқуды бітіріп кеткен студенттерге телефон соқтым олар баяғыда оқуды бітіріп кетсе де   осы кісінің қорқытқаны   әлі күнге дейін  естерінде екен, осыған қалай сенбейсің»-деген шындыққа жанаспайтын тек қаралайтын сөздер айтқанын,  аталған сөздерге ешқандай дәлелі жоқ екенін сотта өзі мойындады.

Омарбекова ханым, 2011 жылы 27 қарашада «Нұр Отан» партиясы орынбасары М.Бейдаліге жолдаған, Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің проректоры Лұқпан Сыдықовпен заңгер Қ.Мұқашевтің  қолы қойылған мен туралы жалған жала жабылған дәлелсіз  айыптауларға толы хаттың ксерокөшірмесіне   сүйенгенін айтып ақталмақ болды. Алайда мені журналистке жамандаған жоғарыда Омарбекованың аузынан шыққан шағымда мен атаған қаралау сөздер бұл хатта да жоқ болып шықты.

Енді салыстырып көріңіз Омарбекова мені «соттың шешімімен студенттерден ақша жинаған т.б. ол аудио-видео жазбамен дәлелденген деп» жала жауып ғайбат сөздермен айыптағаны аталған 130-бапта көзделген қылмыс болып табылып, ол заңмен қудаланады. Ал сот отырысы барысында Омарбековаға сұхбатында атап көрсеткен  «соттың  шешімімен студенттерден ақша жинаған деген шешім  қайда сотқа көрсетіңіз», Аудио-видео жазба қайда?-деген сұрақтарға «студенттерден соттың шешімімен ақша жинаған» деген  соттың ондай шешімі болмағанын ондай шешімді мүлде көрмегенін, «студенттерге телефон соқпағанын, видео жазбаның болмағанын, әртүрлі сөздер ол  қандай сөздер екенін білмейтінін»- айтып жауап берді.

Ал проректор Сыдықов жолдаған хатта жоғарыда Омарбекова журналистке  берген мен туралы сұхбатында  айтқан сөздердің, бірде-бірі жоқ болып шықты,  тіпті ондай соттың шешімі мүлде болмағандығы анықталды. Омарбекова сұхбатында айтқан «Соттың шешімімен ол студенттерден ақша жинаған, сөздер сөйлеген. Бұның барлығы видео жазбада көрсетілген. Оның кінәсі дәлелденген»-ғайбат сөздер шындыққа жанаспайтын жалған сөз жеткізу, яғни  қылмыстық баппен қудаланатын заң бұзушылық болып табылады.

Ал осы  мойындаудан кейін судья Иманқұловтың  ҚК-ң 130-бабы бойынша кінәлі екені дәлелденіп тұрса да,  Нұротан партиясының бірінші орынбасары Омарбекованы  ақтап үкім шығаруына берілетін баға «тапсырыстың құлы» болған  судьяның сыбайластық жемқорлық әрекеті.

 «Басты сот талқылауында сот тергеуі  кезінде сот зерттеген  іске қатысты,  рұқсат етілген, дұрыс дәлелдемелердің жиынтығы  негізінде  анықталғаны,  сотталушы Ж.Омарбекова, жеке айыптаушы Е.С.Қуандық жайында  берген сұхбаты, ар-ожданды кемсіту не болмаса біреуді кемсіту емес, тек Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ҰТУ-нен түскен хатында көрсетілген мәліметтерге негіздегені расталды»-деуі көпе-көрінеу өтірік. Ол хатта Омарбекованың сұхбатта айтқан кемсіту сөздерінің бірі де жоқ.  Сотқа аталған хаттың түп нұсқасы емес, ксерокөшірмесі ғана берілген ал ондай көшірме сотта дәлелдеме ретінде саналмайды. Судьяның  айдан анық көрініп тұрған шындықты  лауазымын асыра пайдаланып бұлай зорлықпен жоққа шығарып бұрмалап жалғандыққа баруы,  сыбайластық жемқорлыққа жататын жең ұшынан жалғасу әрекеті.

Судьяның ішкі наным-сенімге сүйеніп шығарған үкімі тек нақты баптарға жүгініп, заңды басшылыққа алғанда ғана әділетті  болады.  Ал  бұл судьяның үкімі жеке мүддеге ғана қызмет ететін  арамдыққа толы, сот алдында азаматтардың теңдігі талабына қайшы тек лауазымды шенеунікті қорғайтын кезекті тапсырысты орындау  болып отыр ғой.

Алайда  шағымдағы соттың анықтауына жататын негізгі  басты дау   сотталушы   Омарбекованың 2017 жылғы ақпан айындағы мені  дәлелсіз ғайбаттап, негізсіз қаралап, шындыққа жанаспайтын жалған сөздер айтып сұхбат беруі  оның ғалматор арқылы таратылуы болатын. Осы сұхбатта  менің атыма айтылған қаралаулардың шындыққа жанаспайтын жала екендігіне бұлтартпайтын айғақтар  іске тіркелді.  Омарбекова мен адвокаты ғаламтордан табылмады  ол сұхбат жарияланбаған дегені, жалған осы айыптап қаралау 7 сәуірде сот тергеуі кезінде қайта жарияланып отыр.

4-9 ақпан күндері Жұлдыз Омарбекованың  өзінің шақыруымен  НұрОтан партиясы кеңсесіне келген журналист Жанна Ахметке берген сұхбаты  туралы мәліметтер,  5 мамыр күні ғалматорда жарияланған  «Титушки из Нуротана», «Клевета, как метод борьбы с негласными в Нуротане» атты айдармен мақалаларда қайта жарияланған.

Иманқұловтың ішкі нанымы немене мемлекеттің заңдарына мойындамайтын-бағынбайтын наным ба? Мұндай наным мұқату, өш алу мақсатында не арнайы тапсырыс болғанда аяқ астынан оянатын зақазной наным-сенім.

Мұндай тұжырымға ар-ұяттан жұрдай, тек мәнсабын, жеке басының мүддесін заңнан жоғары қойған судья ғана жасайды.

Қайдағы болжам Омарбекованың аузынан шыққан мына қаралау  сөздері шындыққа  жанаспайтын айыптаулар аудио-видео жазбада көрініп Омарбекова өзі мойындап тұрса да болжам бола ма?

Судья «Олай болса, сот, жәбірленуші Е.С.Қуандықтың сұқпатта айтылған  сөздердің ар-намысы мен қадір қасиетін қорлады деп іштей қабылдауы, ҚК –нің 131-бабымен (осы   бұрмалуының өзі  Үкімнің заңсыз шығарылғанын көрсетіп тұр)  кінәлі деп танып, қылмыстық  жауаптылыққа  тартуға  жеткіліксіз деп есептейді, себебі ҚР ҚІЖК-нің 19-бабына сай, айыптау үкімін   болжамдарға негiздеуге болмайды және ол  ақиқат   дәлелдердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуы мүмкін екендігі бекітілген»-деп заң нормасын қате бұрмалап келтіргенде не, Омарбекованың шындыққа жанаспайтын, менің атыма айтылған қаралау сөздері яғни, құқық бұзушылық әрекетін жасырғысы келгені  ғой.  Ал аталған ҚР ҚІЖК-нің 19-бабының Кiнәсiздiк презумпциясындағы 4 тармақ  Қодексте былай нормаланған: 4.Айыптау үкiмi болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс. Мүмкін деген сөз тиіс сөзінің баламасы бола алмайды.

Ал судьяның үкіміндегі келесі сауатсыз  «қотыр» сөйлемі мүлдем түсініксіз: «Істің мұндай тұрғысында сот сотталушы Ж.Омарбековаға тағылған жеке айып негізсіз және оның әрекетінде ҚК-нің 131-бабында көзделген қылмыс құрамы жоқ деп анықтайды, себебі  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы   №19 санды «Сот үкiмi туралы» нормативтiк қаулысының 45-тармағына сай, егер қылмыс құрамын тану үшін заңда көзделген   шарттар болмаса,  қылмыс  құрамының болмауына  байланысты  ақтау үкімі шығарылуы тиіс екені көзделген»-деген  сілтемесі  қисынсыз, тіпті өзі   айтқан  шарттар  да келтірілмеген.  Сондай-ақ судья әйтеуір  шешімім заңды болсын деп, келсін-келмесін заңнан мәртебесі төмен тұратын нормативті актылардан қажет емес үзінділерді орынсыз келтіре берген.   

Ал судья сілтеме жасап бұрмалап қисынсыз қыстырып отырған аталған заң нормасы   нормативті актының 45- тармағында былай жазылған: «қылмыс құрамын тану үшiн заңда көзделген шарттар болмаса (әрекет бiрнеше рет қайталанса, заңда көрсетiлген зардаптардың белгiлерi орын алмаса және т.б.) жағдайларда қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтау үкiмi шығарылады. ҚК-ң 130 бабы бойынша сотталып отырған Омарбекованың журналиске берген сұхбатында мені қаралаған сөздерінің шындыққа жанаспайтынын өзі сот отырысында мойындаған,  аталған бапта көзделген қылмыс екені анықталған,   судья  сілтеме жасап ақтауға жатады деп отырған  бұл шарттың  келтіріулі масқара сауатсыздық.

ҚР ҚК-нің 130-бабында көзделген қылмыс құрамы болып саналатын мән-жайлар, судья сілтеме жасаған аталған заң нормасындағы шарттар тізбесінде жоқ. Сондықтан аталған 130-бапта көзделген қылмыс түрі заңмен қудаланатын қылмыстық әрекет болып танылады.

393-баптың 2 бөлігінің 3 тармағы Айыптау үкiмiн болжамдарға негiздеуге болмайды және ол сот талқылауы барысында сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлілігі соттың зерттеген дәлелдемелерiнiң жиынтығымен расталған жағдайда ғана шығарылады.

  Менің сотқа жүгінген жеке айыптау тәртібімен берілген шағымым ҚР ҚК-нің 130-бабы-Жала жабу бойынша болатын. Алайда судья үкімнің 2 жерінде «ҚК-нің 131-бабында көзделген»- деп қылмыс құрамы мүлдем басқа  баппен ауыстырып сауатсыздық танытып, қызметтік  жалғандық жасаған.  Менің жеке айыптау тәртібімен берген жеке шағымым- жала жабу бабын, 131–бап қорлау бабымен ауыстырып  судьялық билігін теріс пайдаланып немқұрайдылық танытып үкім  шығарған.

Омарбекованың  журналистке берген осы сұхбатындағы  менің жеке басым туралы шындыққа жанаспайтын, дәлелсіз  ар-намысым мен іскерлік беделіме нұқсан келтіретін ғайбат сөздерді айтып қаралауы  ғаламтор- Фейсбук арқылы Қазақстан жұртшылығымен қоса басқа да шет елдерге тарап мен туралы жат қоғамдық пікір қалыптасты. Ал республика жұрты  мені тарихшы ғалым  3 оқулықтың 200 ден астам ғылыми мақалалардың авторы ретінде  таниды.

Ал   «НұрОтан» партиясының Алматы қалалық филиалының бірінші орынбасары  Омарбекованың  елден естіген сөздерді жинап мені  дәлелсіз, ешбір құжатқа сілтеме жасамай ауызша қаралауы ол заң талабы бойынша жала, яғни қылмыс болып табылады.

Судьяның өз Үкімінің 2-3 беттерінде жазған «Олай болса, сот, жәбірленуші Е.С.Қуандықтың сұқпатта айтылған  сөздердің ар-намысы мен қадір қасиетін қорлады деп іштей қабылдауы, ҚК–нің 131-бабымен (осы   бұрмалуының өзі  Үкімнің заңсыз шығарылғанын көрсетіп тұр)  кінәлі деп танып, қылмыстық  жауаптылыққа  тартуға  жеткіліксіз деп есептейді, себебі ҚР ҚІЖК-нің 19-бабына сай, айыптау үкімін   болжамдарға негiздеуге болмайды және ол  ақиқат   дәлелдердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуы мүмкін екендігі бекітілген»-деген түйіндемесі ҚР ҚПК-ң 433-бабының 2, 3 тармақтарында  көзделген соттың үкiмде айтылған түйіндерінің iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi;  қылмыстық-процестік заңның елеулі түрде бұзылуына әкеліп, Yкiмнiң күшiн жою немесе оны өзгертуге толық  негiз болып отыр.

Судья тарапынан орын алған аталған заң бұзушылық әрекет ҚР ҚК-нің 416 бабында көзделген айғақтарды бұрмалау қылмысына жатқызылып,  қылмыс  ретінде заңмен қудаланады.

Судья  «Сот, сотталушы Омарбекованың тарапынан берілген сұхпатта  айтылған сөздердің, адамның ар-намысы мен қадір –қасиетін әдепсіз түрде кемсіту деп қабылдауға және Ж.Омарбекованың қасақана Е.С.Қуандықтың ар-намысы мен қадір–қасиетін кемсітетін әрекеттер жасағанын ұғынып, соны тілеген пиғылы  болған деп тұжырымдауға негіз жоқ деп санайды» - дегені  судьялық билігін асыра пайдаланып  менікі дұрыс деген ешбір заң нормасына сүйенбей айтылған дәлелсіз зорлық.

Заңды талабым жазылған шағымдарымды тексеруге ниеті болмаған, Омарбекова өзімді  күстаналау   пиғылымен айналысып, мені қаралайтын қарсы материалдар мен құжаттар жинауы олардың өзі шындыққа жанаспайтын   жалған болуы,   қадір –қасиетімді  әдепсіз түрде кемсітудің  бұлтартпайтын  негізі болып табылады.    Оның шындыққа жанаспайтын  менің атыма айтқан, жалған қаралау, ғайбат күстаналаған сөздерін бұрмалап, қылмыс емес деп судья қорғап,  ҚР ҚПК-нің 434, 435,436, 437-баптарында қарастырылған заң талабына қайшы әрекетке барып, үкімді сыбайластықпен заң нормаларын бұрмалап шығарған.

«Ж.Омарбекованың берген сұхпатынан және сот тергеуі барысында зерттелген дәлелдерден, жеке айыптаушы Е.С.Қуандықтың ар-намысына нұқсан келтіретін мәліметтер айтылмаған»-деп судья көпе-көрінеу қызметтік жалғандық жасап, заң талабына сай дұрыс құқықтық  баға бермеген. Оның жалған айтқандығына дәлел 130-бап. Жала жабуда көзделген заң нормасы: 1. Жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату 2. Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет.

Айыптау үкiмi болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс.

Сұхбаттағы  ғаламтор арқылы таратылған сөздерінің шындыққа жанаспайтындығы,  ол  аталған баппен қудаланатын қылмыс санатына жатады.  (Омарбекованың   мені  күстаналаған жалған  сөздері   көпшілікке ғаламтор арқылы таратылған).

Судьяның үкіміндегі тұжырымдарды  ҚР Жоғарғы сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 Сот тәжірибесі заңдылығында қолданатын жеке тұлғалардың ар-ожданын, намысы мен абройын және қызметтік беделін қорғау туралы  нормативтік қаулысында  көрсетілген мына «Талаптарды қанағаттандыруда сот шешiмнiң қорытынды бөлiмiнде нақты қандай кiр келтiретiн мәлiметтер шындыққа сәйкес келмейтiнiн және қандай тәсiлмен олар терiске шығарылуына жататыны мiндеттi түрде көрсетiлуi керек»-деген заң талабы орындалмай бұрмаланған.

Омарбекованың   әрекетінің субъективтік жағы   тікелей ниетпен  сипатталады, яғни кінәлі    Омарбекованың   менің ар-намысым мен қадір-қасиетіме, қызметтік беделіме нұқсан келтіретіндігін  журнлистке айтқан фактылардың  жалған екендігін біле тұра,  ол айтқандай соттың шешімінің жоқ екенін біле тұра әдейі осы қаралау мақсатына жетуге мүдделі болғандығын көрсетеді.

Ал  Омарбекованың   заңсыз әрекетінің объективтік жағы-ол өзге адам туралы шындыққа жанаспайтын   ар-намысы мен қадір-қасиетін және  оның  іскерлік беделдіне елеулі нұқсан келтіретін (оның айтқандарының жалған екендігі сот шешімімен дәлелденген) жалған сөз тарату  болып табылады.   Бұл   әрекеттің  қоғамдық қауіптілігі сонда,  ол адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне орны толмас  зиян келтіріп, оның іскерлік беделін  түсіреді.

Омарбекованың  таратқан маған қатысты қаралау мәліметтерін  шындыққа жанаспайтындығана бұлтартпайтын айғақтар-ресми құжаттар ұсынып заң талабына сай дәлелдеп отырғаным ескеріліп, осы жабылған жала теріске шығарылып оған кінәлі  жазалануы  тиіс.

Адамның азаматтық  намысы мен қадір-қасиетіне  қызметтік беделіне  нұқсан келтірген, оның қызметтік беделін түсіретін көрнеу жалған мәліметтер таратқан адам  заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Маған  сұхбаттағы   таратылған   бірнеше жаладан намысым қорланып  беделіме   нұқсан келді,   студенттер, оқытушы әріптестер алдында адал атыма  кір жағылды,  теріс көзқарастағы қоғамдық пікір туды.

ҚР ҚПК-нің 435-бабының  1 тармағында  қарастырылған   «соттың түйіндері сот отырысында қаралған дәлелдемелермен  расталмаса»  заң нормасы бұзылған деп есептеліп, үкiм   iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмейдi деп танылып, жаңадан бағалауға және осы Кодекстің 431-бабының бірінші бөлігінде көзделген жаңа шешімді қабылдауға құқылы делінген.  Осы заңға қайшы әрекеттің орын алуына байланысты аталған қылмыстық іс  ҚР ҚПК–нің    457-бап  Қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы  мен      458-бап Қылмыстық іс жүргізу Заңының елеулі түрде  бұзылуына байланысты үкім мен қаулы бұзылып қайта қаралуға жатады.

ҚР Жоғарғы сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 Сот тәжірибесі заңдылығында қолданатын жеке тұлғалардың ар-ожданын, намысы мен абройын және қызметтік беделін қорғау туралы  нормативтік қаулысында: «Под порочащими сведениями понимаются действия по их распространению, сообщение для всеобщего сведения или отдельным  лицам не соответствующей  действительности  общественно значимой и тем самым дискредитирующей человека информации, порочащей  его доброе имя как личности, как  работника, причинившей  нравственные страдания,  порочащей деловую репутацию. При этом не обязательно наличие УМЫСЛА в поведении распростаранителя опорочить потерпевшего. Распространение, даже по неосторожности, сведений, порочащих доброе имя другого,- ЕСТЬ  основание  для принятия мер защиты чести и достоинства» - деп атап көрсетіліп, нормаланған.

Тағы осы аталған құжатта: Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтерді тарату деп мына жағдайлар танылады: «баспа жүзінде жарияланған, радиомен, теледидардан, жалпы басқа да бұқаралық құралдарды пайдалану арқылы хабарланған, қызметтік, партиялық және басқа да мінездемелерде, арыздарда, әртүрлі ұйымдарға жолданған хаттарда көрсетілген, көпшілік алдында сөйлеу кезінде, лауазымды адамдарға, немесе басқада, оның ішінде бір немесе бірнеше адамға ауызша айтылған мәліметтер».

«Жала жабу» яғни адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне  нұқсан келтірген, оның беделін түсіретін көрнеу жалған мәліметтер таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Маған таңылған жаладан намысым қорланып  беделіме  кір жағылды,   студенттер, оқытушы әріптестер алдында адал атыма нұқсан келіп,  теріс көзқарастағы қоғамдық пікір туды. «Адамның құқығын қорғау және негізгі бостандықтары туралы Европа Конвенциясының 10-бабы мен «Азаматтардың саяси құқығы туралы Халықаралық пактының 17-бабында» кез-келген адамның жеке басын заңсыз қорлауға,  кемсітуге жол берілмейді делінген. Ондайға жол бергендер заңмен қудалануы тиіс.  ҚР Қылмысты істер Кодексінің 130-бабының 1 тармағында (жала жабу) көрсетілген қылмыс жауапкерлер әрекетінде бар екендігін ескеріп, ҚР азаматы ретіндегі Конституциямен бекітілген 17-баптың 1-тармағы, (Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды) 18-баптың 1-тармақтарындағы азаматтық ар–ожданымды қорғау құқымды пайдаланып, ҚР ҚПК-ң 433-бабының 1,2,3,4 тармақтарын,  434(1), 435 (1-4), 436(1,2)  440, 441-баптарын   басшылыққа ала отырып және жоғарыда келтірілген дәлелдердің негізіне сүйеніп                                           

СОТТАН  

1) Жоғарыда көрсетілген  заң бұзушылықтарды негізге алып, Алматы қаласы  Алмалы ауданының  №1 сотының  31 мамыр  2017 жылғы   ақтау  Үкімін бұзып,   ҚР  ҚК-нің 130-бабының 1- тармағы (жала жабу)  бойынша  Омарбекова Жұлдыз   Қажыкенқызының мені қорлап  мен қадiр-қасиетімді әдепсіз түре кемсіткенін   абыройыма нұқсан келтiрген, беделiмді түсiретін көрiнеу жалған мәлiметтер таратқанын ескеріп   айыптау Үкімін шығаруды сұраймын.

  • Талап арызымның азаматтық бөлігін қарап, Омарбекова Жұлдыз Қажыкенқызынан моральдық шығынның өтеуін 2 000 000,00 (екі миллион 00) теңгеге бағалап сол шығынды өтеуді міндеттеуді сұраймын.

Қосымша: Шағымның 2-ші данасы-4парақ-8бет

13 маусым  2017 жыл                 

Есенқазы Қуандық

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308