«Тобыл» өз тарихында тұңғыш рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды
Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Қостанайдың «Тобыл» командасы өз тарихында тұңғыш рет футболдан Қазақстан чемпионы болды, деп спорт журналистер одағы хабарлады.
Бұл, Равиль Сәбитовтың түлектері сырт алаңда «Атырауды» 2:0 есебімен жеңген соң белгілі болды.
Қостанайлық клуб Қарағандыда «Шахтерді» 1:0 есебімен ұтып, күміс медаль алған «Ақтөбеден» турнир кестесінде бір ұпай ғана озып кетті.
Қола медаль Астанада «Локомотивті» 1:0 есебімен ұтқан «Ертіске» бұйырды.
Турнирдегі 7-12-ші орындар үшін таласта «Тараз» «Қайратпен» 0:0 есебімен тең ойнады. Оралда «Ақжайық» «Ордабасыны» 4:0 есебімен, Көкшетауда «Оқжетпес» «Жетісуды» 1:0 есебімен ұтты.
Чемпионаттың үздік бомбардирі «Тобылдағы» өзбек шабуылшысы Ұлықбек Бакаев атанды. Оның қоржынында 16 доп болса, оның алтауын ол пенальтиден салды.