Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2958 0 пікір 7 Қараша, 2010 сағат 06:47

Қостанайлық кәсіпкер 50 тоннадан астам ұнды декларацияламай Тәжікстанға алып өтпекші болған

Шымкент. 6 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының «Сараағаш» кеден бекетінің (КБ) қызметкерлері экспортқа бара жатқан декларацияланбаған ірі ұн партиясын анықтады.

«Станцияда Қостанайдан  Тәжікстанға бара жатқан ұн тиелген 10 вагон ағытылып алынды», - деді «Сарыағаш» станциясының КБ  бастығы Алтынбек Жүнісов.

Оның айтуынша, вагондарды салмақ айырмашылығы үшін ұстаған. «Экспорттық кеден декларациясында 640 тонна ұн деп көрсетілген. Іс жүзінде вагондарға 50 тонна 600 килограмм артық тиелген», - деп түсіндірді А. Жүнісов.

Ол сондай-ақ, салмақ айырмашылығы кеден жабдықтарының арқасында, атап айтқанда – темір жол вагондарын өткізетін кеден таразысының арқасында анықталғанын түсіндірді. «Оны қайта өлшеу де анықтады. Құжаттармен айырмашылық 50 тонна немесе 12 мың 650 доллар болған», - деді кеден бекетінің бастығы.

Іс бойынша жиналған құжаттар ОҚО кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасына тапсырылды. «Себебі жүкті апара жатқан ЖШС әрекетінде «экономикалық контрабанда» бабында қарастырылған қылмыс белгілері бар», - деп түсіндірді кеден бастығы.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2579
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 719
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 683