Сенбі, 23 Қараша 2024
Болған оқиға 7798 1 пікір 10 Шілде, 2017 сағат 11:30

Түркиядағы төңкеріске 1 жыл. Ердоған антидемократиясы

2016 жылдың 15-16 шілдесінде Түркияның Ыстамбұл мен Анкара қалаларында әскери «төңкеріс» болды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның билігіне наразы топ бірнеше мемлекеттік нысанды басып алды. Ал Мармаристе демалып жатқан Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоған «Face Tіme» желісі арқылы бейне байланысқа шығып, елдің заңды үкіметін және демокра­тияны қорғау үшін көшеге шығуға үндеу таста­ды. Ал, премьер-министр Бенали Йылдырым жергілікті телеарналардың бірі арқылы сөз сөй­леп, әскерилердің мұнысы қылмысқа пара-пар  төңкеріс әрекеті екенін мәлімдеді. Ел көлемінде комменданттық сағат жарияланды.

Міне, содан бері бір жыл өтті. Түркияда не өзгерді? Дау басталды? Президент Ердоған мен дін уағыздаушы Гүленнің айқасы елдегі демократияны өлтірді. Түркиядағы «төңкерісті» кім ұйымдастырды? Біз шолу жасап көрдік.

 

Фетхуллах Гүлен мен Ердоған айқасы

Президент Режеп Тайып Ердоған билігі 2016 жылдың 15-шілдесінде болған төңкерісті «гүленшілер» ұйымдастырды деп мәлімдеді. Дегенмен бұл нақты дәлелденбеген акциома. Гүлен жақтастарының төңкеріске қатысы бар-жоғына батыстық БАҚ обьективті түрде баға берсе, «NTV», «CNN Түрік», «Doğan Haber», «AA» сияқты Түркияның жетекші ақпарат агенттіктерінің, құдды бір келісіп алғандай, төңкеріс әрекеті басталмай жатып, «Төңкерісті Түрік Қарулы Күштері арасындағы Гүленші Террорлық Ұйымдар (FETО) ұйымдастырған» деген хабарды эфирден таратты.

Бұл туралы Түркияда жарық көретін «Yeni Hayat» басылымының бас редакторы Вейсель Айханның мақаласын қотарып берген ек.

АҚШ, Еуропа елдері «15 шілдеде болған төңкерісті гүленшілер жасады» дегенге бүгінгі күнге дейін Түркия нақты бір дерек келтіре алмағанын айтады. Күні кеше ғана Германия Сыртқы істері министрі осындай мәлімдеме жасады.

Бір қызығы Президент Ердоған АҚШ-та тұратын дін уағыздаушы Фетхуллах Гүленмен жақын қарым-қатынаста болған.

Ердоған төңкеріс туралы алдын-ала білген бе?

Президент Режеп Тайып Ердоғанның бұл жолғы әскери төңкерісті әдейі ұйымдастыруы мүмкін деген болжамдар айтылады. Бұрыннан бері тіс қайрасып келе жатқан Гүлен мен Ердоған тартысы – псевдотөңкеріске әкеліп соқтырғаны ма? Немесе «Әскери төңкеріс» гүленшілермен оңай күресу үшін жасалуы мүмкін бе?

Олай дейтініміз, 14 шілде күні ТР ҰҚК басшысы Хакан Фидан мен Қорғаныс күші басшысы Хулиси Акар  Арнайы жасақ сарбаздарының ғимаратында  6 сағат сөйлескен (кешкі 18: 30 – 00:30-ға дейін). 15 шілде күніне де төңкеріс болды.

Сондай-ақ, Ресей Президенті Путиннің бас кеңесшілерінің бірі Александр ДугинТөңкеріс әрекеті болатындығы жайлы құпия мәліметті Түркия Президенті мен Премьер-министріне 14 шілдеде жеткізгендігі туралы ақпар тарады.

Бұл да біршама зерттеуді қажет ететін фактілердің бірі. Егер анау айтқандай Ердоған төңкеріс туралы алдын ала біле тұра, еш әрекет жасамаған болса – бұл ашық провокация болмай ма?

20 шілде – Ердоған авторитаризмінің репрессиясы басталды

15 шілдеде болған төңкеріс болды. Бұл Түркияда «Қадағалауда болған төңкеріс» еді. Анығында «төңкеріс» 15 шілде емсе, 20 шілдеде басталған. Батыстық БАҚ солай деп жазады. Себебі Түркияның прокуротура, сот, полиция, әскери, білім, медицина салаларынан жүздеген мың адам жұмыстан шығарылды. Айналдырған бес күннің ішінде осыншама адамның «төңкеріске» қатысы бар екені қалай анықталды? Бұл да бір парадокс. Билікті төңкеріп тастай алмаған төңкерістен кейінгі тазалау процессі кезінде Түркия барлау қызметінің 87 қызметкері жұмыстан шығарылды. Оның 52-сіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тағы 141 қызметкерге қатаң сөгіс жарияланды.

Түркияның ықпалды билік институтында бірінші мәрте "тазалау" жүргізілді. Сәтсіз аяқталған бүліктен соң Анкараның шешімімен 100 мыңнан астам полиция, әскер және мемлекет қызметкері жұмыстан шығарылды.

Күні бүгінде Түркия түрмелерінде 17 мың әйел, 568 баланын отырған көрінеді. Бұл нақты дерек. 17 мың әйелдің төңкеріске қандай қатысы бар?

Білім және ғылым Министрлігінде 15 мың 200 адам жұмыстарын тоқтатуға бұйрық алды. Ал жекеменшік ұйымдарда 21 мың мұғалім қызметтік лицензияларынан айрылды. Негіз ретінде «15 шілде төңкеріс әрекетінен кейін басталған зерттеулер» көрсетілді. 48 сағатта 50 мың адам қалай зерттеліп үлгерілген?

Сондай-ақ, Ішкі Істер Министрлігі, орталық және провинциялық ұйымдарында барлығы 8 мың 777 адам қызметтерінен аластатылды.

Төңкеріс әрекеті төмендегі «тазартулардың» сылтауы болғаны ма?

Олай дейтініміз, төңкеріс әрекетінің ертесі заңды аяқ асты етіп, Конституциялық Сот мүшесі Алпарслан Алтан мен Эрдал Тержан қамауға алынды. Жоғары соттың (Яргытай) 140 және Мемлекеттік кеңес (Даныштай) 48 мүшесі жөнінде де тергеу басталды. 2 мың 745 судья, әкімшілік сот пен прокурорға қатысты да қамауға алу шешімі шығарылды.

Цензура әм «Zaman» гәзетінің жаназасы

Режеп Тайып Ердоғанның басқаруындағы Анадолы жұртындағы төңкерісті – саналы түрде контрмодернизация деп топшыладық. Дегенмен, баспасөзге жасалған рейдерлікті – «Ақ» партия мен Ердоған саясаты ақтай алмайды.

АҚШ және Еуроодақ өкілдері елдегі ең ірі «Zaman» газетінің Стамбулдағы редакциясына рейд жасағаннан кейін, Түркиядағы сөз бостандығы күрт нашарлап кетуі мүмкін дейді. Және солай болды да.

Полиция қызметкерлері басылым кеңсесіне басып кірген. Газетті қорғап, қарсылық танытқандарға көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашқан. Оқиғадан бір сағат бұрын сот газетке сырттан бақылаушы тағайындауға шешім шығарған. Алайда әлі ресми шешім күшіне енбей жатып, полиция қызметкерлері редакцияны қоршап, қарсылық танытушыларды жібермеуге әрекеттенген.

«Zaman» газетін АҚШ-та қуғында жүрген Фетхуллах Гүленмен тығыз байланыстырады. Түркия президенті Реджеп Эрдоган оны үкіметке қарсы әрекет жасап, өзін жақтайтын БАҚ, полиция, құқық қорғау органдарының желісін құрған деп айыптайды.

Редакцияда түнгі шабуыл аяқталғанға дейін, «Zaman» басылымының ағылшын тілінде шығатын нұсқасы «Түркияның еркін баспасөзі үшін ұятты күн» деген тақырыппен газет шығарды.

Ақырында күндік тиржары 1 миллионға жететін «Zaman» гәзетін билік тартып алды. Қазір аты дардай гәзеттің күнджік тиражы – 3-4 мыңның айналасында.

Түркия президенттік басқаруға өтті

«Әскери төңкеріс» Түркия президентінің әлеуетін күшейту үшін жасалды деп айтатын саясаткерлер бар. Себебі төтенше жағдайлар кезінде Түркияда референдум өтті. Нәтижесінде Түркия президенттік басқаруға өтті. 2017 жылы Түркияда конституцияға өзгерту енгізу бойынша референдум өтті. Сөйтті де, Анадолы жұрты парламенттік басқарудан президенттік басқаруға өтті.

Түрік билігі бұл жолмен өлкенің басқару системасы нығаяды және жеңіл болады деп сендіреді. Президент Ердоғанға қосымша ұқықтар берілді. Президент үкіметтің де мемлекеттің де басшысы болды.

Жаңа Ата заң Ердоғанның 2029 жылға дейін билікте қалуына жол береді. Заңда президенттік қызметтің мерзімі бес жыл болып, екі мерзімнен сайлануға жол береді. Егер Ердоған 2019 жылғы сайлаудан өтсе, тағы он жыл билікті ұстап тұруға мүмкіндігі бар. Референдумның өтуіне өткен жылғы іске аспай қалған әскери төңкеріс себеп болып отыр. Батыс елдері әскери төңкерісшілерді жаппай қамауға алуын және қуғындауына қатты алаңдаушылық білдіріп келген еді. Енді Ердоғанды авторитарлық билік құруға ұмытылып жатыр деп айыптады.

Не десек те, Түркияда ашық авторитарлық билік орнауы мен демократиялық принциптерге негізделген  конституциялық және қоғамдық институт жойылып, еуропалық векторлдың күл талқаны шықты. Неоосмандық бағытты ұстанған Ердоғанның жалғыз жауы – Фетхуллах Гүлен екені даусыз. Ал популист Ердоғанның Гүленмен айқасы және өзінің билігін ғана ойлауы – елде және бір төңкерістің орнауына себеп болмай ма? Себебі, Түркиядағы Епрдоған билігіне наразы топ кеүн санап артып келе жатқаны да шындық.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364