«Мемлекеттік тілді оқытудың медиа-сабақтары» фестивалі
Өтетін орны: Туран даңғылы 18-үй, «Тұран» Бизнес орталығы, 2 қабат, мәжіліс залы
Өтетін уақыты: 2010 ж. қарашаның 12, сағат 10.00
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында қараша айының 1-12 аралығында «Мемлекеттік тілді оқытудың медиа-сабақтары» фестивалі өткізіледі.
Фестиваль мақсаты мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру, озық инновациялық оқу-әдістемелерін әзірлеуге ықпал ету, тәжірибе алмасу және теле-радио, бейне-аудио, интернет сабақтарын, электрондық оқу құралдары мен қашықтан оқыту жүйесін жүзеге асыруға, дамуына ықпал ету.
2007 жылы Бірінші медиа-сабақтар Фестивалі Қазақстан Республикасында үлкен резонанс туғызып, көптеген әдіскерлер, қазақ тілі оқытушылары тағы да өтуіне қызығушылық танытқан болатын. 2007 жылғы МСФ жеңімпаздарының ішінен осы жылдар аралығында қазақ тілін жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту мәселесін зерттеген 2 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, қазақ тілін ақпараттық технологиялар негізінде оқыту мәселесін зерттеуші 8 жас ізденуші қалыптасқанын мақтанышпен атап өтуге болады. Осындай игі жаңалықтардың тууына тірек болған медиа-сабақтар Фестивалін Ш.Шаяхметов атындағы ТДРҮӘО жалғастыра береді.
«Мемлекеттік тілді оқытудың медиа-сабақтары» фестивалі 4 номинация бойынша өткізіледі.

1 номинация. Теле-радио сабақтар.
2 номинация. Бейне-аудио сабақтар.
3 номинация. Электрондық оқу құралдар.
4 номинация. Интернет сабақтар және қашықтан оқыту курстары.
Фестиваль 2 турдан тұрады. І тур 2010 жылдың 1-2 қараша күндері өткізілді. Оған қарашаның 1-не дейін құжаттарын тапсырған ұміткерлер қатысты. Арнайы сараптамалық комиссия ұсынылған еңбектермен толық танысып, іріктеді.
ІІ (қорытынды) тур 12 қараша күні Тұран даңғылы 18-үй, «Тұран» Бизнес орталығының 2-қабатының мәжіліс залдарында өткізіліп, жеңімпаздар анықталады.
Жеңімпаздар фестиваль лауреаты дипломдарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
«Мемлекеттік тілді оқытудың медиа-сабақтары» фестивалі туралы толық ақпаратты Ш.Шаяхметов атындағы ТДРҮӘО www.tilaqparat.kz сайтынан ала аласыздар.