Назарбаевты Мысырда 2011-ші жылғы наурызда өтетін ИКҰ 12-ші саммитіне күтіп отыр
Астана. 8 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 2011-ші жылы көктемде Мысырда өтетін Ислам конференциясы ұйымының (ИКҰ) саммитіне күтіп отыр, деп ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, бұл туралы ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың арнайы өкілі - елші Бағдат Әмреев пен Мысырдың сыртқы істер министрі Ахмед Абдуль Гейттің Мысырда өткен кездесуі барысында әңгіме болды. Қазақстан тарапынан кездесуге Қазақстанның МАР-дағы елшісі Бахтияр Тасымов, Қазақстанның ИКҰ-дағы тұрақты өкілі Бақыт Батыршаев қатысты.
«А. Абдул Гейт мысыр жағы Н. Назарбаевтың ғаламдық саясатта атқаратын рөлінің маңыздылығын ескере отырып, ИКҰ-ның Шарм Аш-Шейхте 2011-ші жылы наурызда өтетін 12-ші саммитіне қатысуына маңызды мән беретінін атап өтті», - делінген ҚР СІМ баспасөз ақпараттық баянында.

Б.Амреев Мысырдың сыртқы істер ведомство басшысына ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың сәлемін тапсырды. Онда «Қазақстан алдағы 2011-2012 жылдарғы ИКҰ-ға төрағалығына және мұсылман әлеміндегі өзекті проблемалардың шешілуіне үлкен жауапкершілікпен қарайтыны, екі ірі халықаралық саяси бірлестіктің – ЕҚЫҰ мен ИКҰ арасындағы күн тәртібіндегі ғаламдық мәселелерде тиімді серіктестік қалыптастыруға септігін тигізбекші ниетінің барлығы» атап көрсетілген.
Министр А.Абуль Гейт Қайырдың Астанамен екіжақты да, көпжақты да дипломатиядағы стратегиялық ынтымақтастығын дамытуға мүдделі екендігін қуаттады. Осыған байланысты мысырлық министр ҚР СІМ басшысының Қазақстан мен Мысыр арасында ИКҰ аясындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға деген бастамасына қолдау білдірді.
Кездесу ИКҰ-ға қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы 38-ші сессиясында Қазақстанның осы ұйымдағы төрағалықты алу күн тәртібін үйлестіру мақсатындағы саяси консультациялар аясында өтті.