Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2319 0 пікір 9 Қараша, 2010 сағат 04:57

Алматыда ұрылардың «ортағы» үшін жауап беретін «Бек» лақап аты бар қылмыстық авторитет есірткімен ұсталды

Алматы. 9 қараша. ҚазТАГ – Қылмыс әлемінде «Бек» деген атпен белгілі қылмыстық авторитет Алматының Алмалы ауданының аумағында есірткімен ұсталды, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Белгілі болғанындай, фигурантты залалсыздандыру жөніндегі бірнеше аптаға жалғасқан полиция операциясын өткен жексенбіде түске қарай Алматы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының оперативті қызметкерлері мен арнайы жасақ жауынгерлері жүргізді.

«Ұстау кезінде «Бектен» 30 грамм гашиш табылып, тәркіленді», - дейді дереккөздері. Олардың айтуынша, полицияның оперативті мәліметтеріне сәйкес, өзін 35 жастағы жұмыссыз деп атаған қылмыскер бұрын есірткі сатқаны және адам қазасына алып келген ЖКА жасағаны үшін сотты болған.

«Соңғы уақытта ол қылмыстық саладағы ықпалын пайдалана отырып, бас бостандығынан айыру орындарында отырғандарға арналған ұрылардың «ортағына» ақша жинау үшін жауап беретін», – деп атап көрсетті дереккөздері.

Кәнігі қылмыскердің қамауға алынғанын қуаттаған қалалық ІІД оның ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтату бойынша «Найзағай» оперативті-алдын алу шарасы шеңберінде жүргізілген оперативті-іздестіру және арнайы шаралар нәтижесінде ұсталғанын хабарлады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510