Жан ЖАҚ. Жиырма судья жұмысынан кетті
Айдың-күннің аманында Қарағанды облысының сот жүйесі «өзін-өзі қысқартудан» өзіндік рекорд жасады. Бір күнде жиырма судья жылы орындарынан жұлынып тасталды. Бұған сойылдай себеп іздесеңіз, Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі «Қазақстан Республикасы Президентінің №1089 «Қазақстан Республикасында төраға, сот алқасының төрағасы, және соттардың судьяларын тағайындау және босату туралы» Жарлығына сілтеме жаса-а-п отыр. «Тоғыз қатынның толғағы бір күнде келді» демекші, тоғыз судья қысқартудың қайшысына іліксе, тоғызы отставкаға шығып кетіпті. Біреуі басқа қызметке ауысуына байланысты, ал екіншісі қайтыс болғаны үшін қызметтен кеткен. Бұдан бөлек, облыс соттарында қызмет атқарып жүрген 108 маманға да есіктің арғы жағын көрсетіп, «кет» демек. Бірақ, осының бәрі айналасы 24 сағатта орын алды дегенге сену қиындау екен. Соған қарап, бұны облыстық сот төрағасы Ермек Серікбаевтың елден ерек оперативтілігі я «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген стильдегі ісі екенін ұға алмадық. Қысқарту қаржы үнемдегенімен, соттарға келетін жәшік-жәшік арыз-шағымның қаралу мерзімін қысқартады дейсіз бе? Осылайша, таразы басына еріксіз үнем мен нәтиже топ ете түседі. Әйтеуір, арты қайырлы болсын...