Астана билігі жұртшылықты ЕҚЫҰ саммиті кезінде енгізілетін шектеулер туралы ақпараттандырды
Астана. 9 қараша. ҚазТАГ –Әкімдіктің сайтында елорда тұрғындары үшін ЕҚЫҰ саммитін өткізу кезеңіне арналған жадынама жарияланды, онда осы халықаралық шараны өткізуге байланысты өзгерістер туралы айтылған.
Жадынамада ЕҚЫҰ саммитіне дайындық аясында Астана қаласы мәслихатының шешімімен 2010 жылғы 1-2 желтоқсан демалыс күндері болып жарияланып, бұл уақыт жұмыс күндері ретінде 2010 жылғы 27-28 қарашаға ауыстырылғаны айтылған. Қала мектептері мен колледждерінде, сондай-ақ, жоғарғы оқу орындарында күзгі және қысқы демалыс есебінен 2010 жылғы 29 қараша мен 5 желтоқсан аралығы демалыс күндері болып белгіленді.
29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қала базарлары жұмыс істемейді. 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында демалыс және көңіл көтеру орындары (түнгі клубтар, бар және т.б.) шектеулі режимде жұмыс істейді.
1-2 желтоқсан күндері барлық ішкі әуе рейстері тоқтатылады. Анықтама телефондары: «Астана» халықаралық әуежайы - 70-29-99, 1333.
Астана-Көкшетау, Астана-Қарағанды, Астана-Қостанай, Астана-Павлодар, Астана-Қосшы, Астана-Қорғалжын бағыттары бойынша қаладан шығу әдеттегі режимде қалады.

Жол қозғалысына қатысты 1-2 желтоқсан аралығында Абай, Сарыарқа, Тұран, Қабанбай батыр даңғылдары, сондай-ақ, Сарайшық, №1, №2 көшелерінде және әуежайға баратын тас жолда қоғамдық көлік қозғалысы шектелетіні еске салынған. Сайтта жол қозғалысын шектеу схемасы жарияланған.
1-2 желтоқсан күндері №№ 21, 27, 35, 44, 46 бағыттағы автобустар жүрмейді. №№ 12, 18, 28, 30, 40, 42, 47, 121 бағыттағы автобустар тек қаланың ескі бөлігінде (оң жағалауда) ғана жүреді, атап айтқанда: № 12 бағдар - Ә. Жангелдин көшесіне дейін, № 18 бағыт - Желтоқсан көшесіне дейін, № 28, 30, 121 бағыттар - Республика даңғылы - Иманов көшесіне дейін, № 40 бағыт - Тәуелсіздік даңғылы - Майлин көшесіне дейін, № 42 - Республика даңғылына дейін, № 47 бағыт - Республика даңғылы - көлік айрығына дейін. Сұрақтар туындап жатса, Астана қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 23-37-77, 55-67-45.
«ЕҚЫҰсаммитін өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күмән тудыратын заттарға, көліктер мен күмәнді тұлғаларға мұқият болуға шақырамыз. Астана қаласында ЕҚЫҰ саммитін өткізу ел үшін өте маңызды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Елорда басшылығы қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды. Сонымен қатар, қандай да бір лаңкестікке қатысты іс-әрекеттер, оның ішінде жарылу құралдары мен заттарының қойылғандығы туралы жалған хабар беру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242-бабына сәйкес заңмен қудаланатындығын ескертеді.