Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2408 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 14:29

Есепке жүйрік қазақ электроникаға неге енжар?!

Қазақстан оқушылар¬ның математикалық білімі жағынан әлемде алғашқы «бестікке» еніп, Жапониядан кейінгі орынды алса, электроникалық дайындығы жବғы¬нан ең соңғы бес елдің қатарынан, яғни Алжирдің қасынан табылыпты. Математиктер елі жаңа технологияларды меңгеруде неге осал?

Табиғи математиктер

 

 

Қазақстан оқушылар¬ның математикалық білімі жағынан әлемде алғашқы «бестікке» еніп, Жапониядан кейінгі орынды алса, электроникалық дайындығы жବғы¬нан ең соңғы бес елдің қатарынан, яғни Алжирдің қасынан табылыпты. Математиктер елі жаңа технологияларды меңгеруде неге осал?

Табиғи математиктер

 

 

Білім беру саласындағы же¬тіс¬тіктерді бағалайтын халықара¬лық қауымдастық (Іnternatіonal Assocіatіon for the Evaluatіon of Educatіonal Achіevement – ІEA ) «Математика мен ғылымды оқып-үйренудегі халықаралық тен¬денциялар» атты есебін ж¬а¬риялады. Онда 2008 жылы әлем¬нің 67 еліндегі 4-8 сынып оқу¬шы¬ларының математика мен жа¬ра¬тылыстану ғылымдары бойынша білі¬мі сарапталғаны жазылған. Зерттеу білім беру жүйесі әр қилы мемлекеттердегі орта мектеп оқу¬шыларының ғылыми дайынды¬ғын салыстырмалы түрде баға¬лап, оларға әсер етуші фактор¬лар¬ды анықтауды мақсат тұтқан.
Бір қызығы, оған алғаш рет қа¬тысқан Қазақстан бірден алға шығып, әлемнің 37 елі арасында 5-орынды иеленген (1 кесте). Гон¬конг, Сингапур, Тайвань, Жа¬пония ғана Қазақстанның ал¬ды¬на шықса, қазақ оқушы¬лары АҚШ, Германия, Англия, Ресей, Италия, Дания сияқты ел¬дердің талапкерлерін математи¬ка¬лық білімі жағынан шаң қап¬тырған.
Бұл жазбаша және ауызша тестілеуге республиканың 150 мектебінен 4-сыныпта оқитын 4271 бала қатысыпты. Олардың басым бөлігі (2599) – қазақ мек¬теп¬терінің оқушылары екен. Тестілеуге қатысқан оқушылар кез¬дейсоқтық тәсілімен іріктелі¬ніп алынған. Егер әлемде матема¬тика¬дан озық деңгейдің орташа көр¬сеткіші – 5 пайыз болса, Қа¬зақстан бұл межеден асып, оқу¬шы¬ларының 19 пайызы мате¬ма¬тикадан білімінің өте жоғары екендігін байқатқан.
«Қазақ – табиғатынан мате¬ма¬тик. Мұны кезінде орыс ға¬лым¬дары талай мойындаған» дей¬ді Жоғары оқу орындары қауым¬дас¬ты¬ғының президенті, профессор Рах¬ман Алшанов. Оның айтуын¬ша, қазақтың дәс¬түрлі тұрмыс-тір¬шілігінде ма¬тематикалық қабілетті шың¬¬дай¬тын шаруа салалары көп бол¬ды. Оған қоса, Кеңес уақы¬тын¬да Қа¬зақ¬стан өте күшті мате¬матика мек¬тебімен мәлім болса, қазір ха¬лықаралық деңгейдегі бірнеше қа¬зақтың математигі бар екенін тілге тиек етеді Алшанов.
Қазақстандық оқушылардың ин¬теллектуалдық табысын Білім және ғылым министрі Жансейіт Түй¬мебаев республикадағы дәс¬түрлі оқу жоспарларынан іздепті. Оған қоса, ол жұртшылықтың ма¬тематиканың ғылым ретіндегі маңыздылығын түсінетіндігін айтыпты.
Себебі математика бойынша білім – техникалық білімнің қайнар көзі дейді Экономикалық және қаржы сілкіністерін болжау орталығының директоры Сара Алпысбаева. Ал техникалық ма¬мандық иелері – елдің жалпы даму деңгейін айқындайтын фак¬тор. «Мәселен, мемлекетте не¬ғұр¬лым гуманитарлық мамандық көп болса, сол ел соғұрлым да¬мы¬маған болып есептеледі. Да¬мы¬ған елдер керісінше, техника¬лық мамандық үлесінің басым¬ды¬лығымен ерекшеленеді» дейді сарапшы. Қазақстандағы техни¬кал¬ық мамандықтың үлесі – әзірге 25% ғана. Бұл – оның ойын¬ша, елдің ғылыми-техноло¬гия¬л¬ық дамуының бір көрсеткіші.

Электроникалық кембағалдық

 

 

Айтқандай-ақ, былтыр Қа¬зақстан электрондық дайындығы жағынан тағы екі орынға кейінге жылжыды. Economіst сараптама журналы ІBM институтымен бірге әзірлеген кезекті зерттеуінде сандық қана емес (яғни елдегі ком¬пьютерлердің, ұялы теле¬фон¬дар¬дың саны, бұқараның интер¬нет¬ке шығу мүмкіндігі), сапалық көр¬сеткіштерді (халықтың ақ¬парат¬тық-коммуникациялық тех¬нологияларды қолдану білікті¬лі¬гі, осы саладағы заңның ашық¬ты¬ғы, Үкіметтің жаңа техноло¬гия¬ларды енгізудегі күш-жігері) де ес¬еп¬ке алады. Осылай мемлекет¬тің дамуын жеделдететін немесе те¬жейтін факторлар анықталады.
Әлем елдерінің электрондық дайындығын паш ететін рейтингте еліміз 70 елдің арасында 66-орын¬ды алған (2 кесте). Яғни Қа¬зақстан электрондық дайын¬ды¬ғы жағынан Вьетнам (65-орын) мен Алжирдің (67-орын) қақ орта¬сында тұр. Егер элект¬рон¬дық дайындықтың орташа көр¬сеткіші 6,39 балл болса, Қа¬зақстан 3,89 балды әрең жинап¬ты. Электронды дайындықтың ең осал индика¬торы ретінде Үкімет¬тің осы бағыт¬тағы саясатының әлсіздігі атал¬ған. «Төмен көрсет¬кіш Қазақстан Үкіметінің «элект¬рон¬ды үкімет» тәрізді жобалар жа¬сауға көп қар¬жы бөлуінің тиім¬сіздігімен бай¬ланысты болуы мүм¬кін», – деп көр¬сетілген есепке жа¬зылған түсін¬дірмеде.
Ал әлем елдерінің ақпараттық тех¬нологияларды меңгеру дең¬гейін анықтайтын Дүние¬жүзілік эконо¬микалық форумы ІNSEAD бизнес мектебімен бірге 2008-2009 жылдар бойынша жасаған жаңа есебі¬не сүйенсек, Қазақстан тағы артқа жылжыпты. Әлемнің 134 елі қа¬тысқан бұл рейтингте Қазақстан 2 позицияға төмендеп, тек 73-орын¬¬ды (3,79 балл) қанағат тұт¬қан.
«Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық техноло¬гия¬ларды пайдалану деңгейі төмен. Мұны көпшіліктің ақпараттық технологияларға экономикалық және техникалық себептермен қол жеткізе алмайтындығымен және ақпарттық теңсіздік бойын¬ша шаралардың жеткілік¬сіз¬дігімен түсіндіруге болады» деп жазылған баяндамаға берілген түсіндірмеде.
Ақпараттық технологияларды Үкі¬метте пайдалану жағынан, тіпті Әзір¬байжан Қазақстанның ал¬дына түсіпті. Баяндамада бұл са¬ланы реттеумен Әзірбайжанда ар¬найы Байланыс және ақпарат¬тық тех¬нологиялар министрлігі ай¬налысатындығына айрықша на¬зар салынған. Ал «электронды үкі¬мет» жасақтап, жаппай ше¬неуніктердің блогын ашып жат¬қан Қазақстан кавказдық серік¬те¬сінен бұл тізімде 31 позицияға артта қалып тұр.
Қазақстанның жаңа техно¬ло¬гияларды енгізуі былай тұрсын, олар¬ды пайдалана алатын ма¬ман¬дары қайда? Бір жағынан, тех¬никалық мамандықтардың жо¬ғары оқу орындарындағы үлесі тө¬мен болса, екінші жағынан, олар¬ды дайындайтын оқыту¬шы¬лардың білім сапасының қазіргі за¬ман талабына сай келе бер¬мей¬тіндігіне қынжылады Рахман Ал¬шанов. «Себебі жаңа техно¬лог¬ия¬лар 9 ай сайын өзгереді. Көштен қалмау үшін оларды шетелде оқы¬тып, оқытушылардың ғылыми дайындығына айрықша көңіл бөлген абзал» дейді Алшанов. Алайда ғылыми-конструк¬тор¬лық шығындарға бөлінетін мем¬лекеттік қаржы мардымсыз. Мә¬селен, Алпысбаеваның айтуын¬ша, 2006 жылы осы салаға кеткен мемлекеттік шығын мөлшері АҚШ-та – 2,70%, Жапонияда – 3,4 %, Қытайда – 1,6% болса, Қа¬зақ¬станда – 0,24%.
Егер жаңа технологияларды өзіміз жасап, оларды меңгеретін мамандар даярлауға жеткілікті көңіл бөлмесек, мемлекет қаржы¬сының әрі қарай да сыртқа ысы¬рап бола беретіндігін пайым¬дай¬ды Алпысбаева. Оның сөзіне қа¬ра¬ғанда, сыртқа кететін капи¬тал¬д¬ың үлкен бөлігін ірі шетелдік компанияларының ғылыми-тех¬никалық, құрылыс, компью¬тер¬лік, ақпараттық қызмет түрлерін пай¬далануға кететін шығындары құрайды. «Үндістан мен Қытайды алсақ, олар ғылыми-техникалық қызмет ету рыногынан Батыс мамандарын біртінден ысырып тастауда. Себебі олар жоғары дең¬гейдегі математикалық білім беру¬ге көп көңіл бөліп, жаңа тех¬нологияларды белсендірек ен¬гізуде. Осының нәтижесінде екі елде де жоғарғы экономикалық өсу қарқыны сақталуда» дейді Алпысбаева.
Сондықтан ол Қазақстан экномикалық болашағы үшін бі¬лім беру саласында сапалық ре¬формалар жасау керек деп есеп¬тейді. Оған қоса, Үкіметке де жаңа технологияларды енгізуде сая¬си бетбұрыстың қажеттігі сөз¬сіз. Жаратылысынан матема¬тик қବзақ өз елін неліктен озық тех¬нлогия¬лар еліне айнал¬дыр¬масқа?!

 

 

Айжан Көшкенова

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498