Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1922 0 пікір 12 Қараша, 2010 сағат 04:53

Оңтүстік Кореяда Алматы облысының күндері басталды

Талдықорған. 12 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Кореялық Сувон қаласында Алматы облысының күндері басталды, деп облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шараларға қатысу үшін Кореяға Талдықорған облысынан делегация аттанды. Оның құрамында мәдениет қайтаркерлері, Сүйінбай атындағы филармонияның шығармашылық ұжымдары, «Алтынай» халық биі ансамблі, «Құлансаз», «Ачимноуль» халық ансамблі, қолданбалы өнер шеберлері, мемлекеттік орган, БАҚ, бизнес құрылым өкілдері бар. Делегацияны Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов бастап барады.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2008-ші жылы наурызда Талдықорғанда Алматы облысы мен Кенги провинциясының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Осы меморандум аясында мәдени күндер өткізу жоспарланған. Еске салсақ, 2010-шы жыл Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы күндері деп жарияланған.

Әкім баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара аясында Кенги провинциясының тұрғындарын Қазақстанның ұлттық өнерімен және Алматы облысының мәдени бағдарламасымен таныстырудан басқа, облыс басшылығы мен кәрістердің компаниялары арасында Алматы облысында энергетикалық саладағы жобаларды іске асыру туралы келіссөздерге қол қою жоспарланған.

Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасынан хабарлағандай, Алматы облысы 116 елмен, оның ішінде Оңтүстік Кореямен де сауда-саттық қарым-қатынас орнатқан. Биыл олармен сауда айналымы $20,6 млн-ды құрайды.

Облыста шетелдік капиталдың қатысуымен 195 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде 6 кәсіпорын Корея Республикасының қатысуымен, атап айтқанда «Лизинг Жетісу» ЖШС, «Қаз-Кор - Силициум» мен т.б. жұмыс істейді, деп кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560