Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2633 0 пікір 4 Маусым, 2009 сағат 06:47

Сейсен Әмірбекұлы . ОРЫСТАР ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА НЕГЕ ҚЫЗЫҒАДЫ?

Әлем әйтеуір белгісіз соғысқа дайындық үстінде. Оны жер шарындағы мемлекеттердің қайтадан жаппай жанталаса қарулануға ден қойғанынан көруге болады. Бір ғана мысал, кез келген мемлекет мүмкіндігіне орай, қазір қорғаныс мақсатындағы бюджеттерін бірнеше есеге арттыру үстінде. Неге? Себеп – адамзат қаншалықты өркениетке қол жеткізді, түрлі кикілжіңдерді үстел үстінде дипломатиялық келіссөздер арқылы шешуге болады десе де, кейбір тирандар келісімдерді місе тұтпай, теке тірестің артын қарулы қақтығыстарға тіреп қоятыны бар. Содан болар, бүгінгі күні әлемнің бәзбір нүктелері үлкен жанжалдың алдында тұр. Ал қайсыбір жерлерде ірілі-уақты қақтығыстар жүріп те жатыр. Осының бәрін есепке алған елдер жерінің бүтін, тәуелсіздігі баянды болуы үшін, жерін қорғайтын қарулы күштеріне басымдық беруде. Ал болуы мүмкін үлкен соғыс қай жерде бұрқ ете түспек? Әзірге белгісіз. Дегенмен «жанжал аймағы» ретінде жер шарының бірнеше нүктесі көрсетілуде. Соның бірі – Таяу Шығыс, Парсы шығанағы. Нақтылай түсек, Израиль мен Иран арасындағы теке тірестің соңы қарулы жанжалға алып келуі. Екіншісі – Корея жарты аралығындағы ушығып тұрған жағдай. Үшіншісі –Орталық Азия және Каспий теңізіндегі энергоресурстар үшін тартыс болып қалуы ықтимал кикілжің. Мұның сыртында әлі игерілмей жатқан Арктика, Солтүстік мұзды мұхит өңіріндегі шикізаттар үшін болатын тартыс тағы бар.

Әлем әйтеуір белгісіз соғысқа дайындық үстінде. Оны жер шарындағы мемлекеттердің қайтадан жаппай жанталаса қарулануға ден қойғанынан көруге болады. Бір ғана мысал, кез келген мемлекет мүмкіндігіне орай, қазір қорғаныс мақсатындағы бюджеттерін бірнеше есеге арттыру үстінде. Неге? Себеп – адамзат қаншалықты өркениетке қол жеткізді, түрлі кикілжіңдерді үстел үстінде дипломатиялық келіссөздер арқылы шешуге болады десе де, кейбір тирандар келісімдерді місе тұтпай, теке тірестің артын қарулы қақтығыстарға тіреп қоятыны бар. Содан болар, бүгінгі күні әлемнің бәзбір нүктелері үлкен жанжалдың алдында тұр. Ал қайсыбір жерлерде ірілі-уақты қақтығыстар жүріп те жатыр. Осының бәрін есепке алған елдер жерінің бүтін, тәуелсіздігі баянды болуы үшін, жерін қорғайтын қарулы күштеріне басымдық беруде. Ал болуы мүмкін үлкен соғыс қай жерде бұрқ ете түспек? Әзірге белгісіз. Дегенмен «жанжал аймағы» ретінде жер шарының бірнеше нүктесі көрсетілуде. Соның бірі – Таяу Шығыс, Парсы шығанағы. Нақтылай түсек, Израиль мен Иран арасындағы теке тірестің соңы қарулы жанжалға алып келуі. Екіншісі – Корея жарты аралығындағы ушығып тұрған жағдай. Үшіншісі –Орталық Азия және Каспий теңізіндегі энергоресурстар үшін тартыс болып қалуы ықтимал кикілжің. Мұның сыртында әлі игерілмей жатқан Арктика, Солтүстік мұзды мұхит өңіріндегі шикізаттар үшін болатын тартыс тағы бар.
Соның ішінде Корей жарты аралығындағы жағдай шеңберден шы¬ғып барады. Аймақтағы бар¬лық елдердің армиясы қазір жо¬ғар¬ғы дайындыққа көшірілген. Сол¬түстік Корея тарапынан бо¬ла¬тын агрессияға тойтарыс беру үшін, аймақ елдері бес қаруын сай¬лап отыр. Даудың басы – сол¬түс¬тіктердің 25 мамыр күні екінші мәрте (біріншісі 2006 жылы болған) ядролық сынақ жасауы. Одан кейін орта қашықтықта ұша¬тын алты баллистикалық зы¬мыранды сынақтан өткізуі. Қазір ұшу алаңына 2500-4000 шақы¬рым¬ға ұшатын «Тэпходан-2» бал¬листикалық зымыраны жеткізі¬ліп, сынақтан өткізілгелі жатыр. Мұның бәрі әлем қауымдас¬тығы¬ның наразылығын тудырып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қатаң қарар қа¬былдамақ үстінде. Дегенмен Пхе¬ньян бұдан ығып отырған жоқ. 1953 жылы Оңтүстік және Сол¬түстік арасында қол жеткізіл¬ген бейбіт келісімді бұзатынын ес¬кертті. Мұның арты тағы бір жан¬жалға алып келері белгілі. Қазір Оңтүстік Кореяның 670 мың¬дық армиясы солтүстіктерге қар¬сы сақадай-сай тұр. Ал Пхе¬ньян 847 мыңдық армиясын ше¬кара маңына топтап, Сары теңіз¬де де, құрлықта да дайындық жүр¬гізіп жатыр. АҚШ Тынық мұ¬хит бассейніндегі одақтастары Оң¬түстік Корея мен Жапонияны Сол¬түстік Корея тарапынан бо¬ла¬тын агрессиядан қорғайтынын, «яд¬ролық шатырының» астына ала¬тынын ескертуде. Содан бо¬лар, Жапонияның Окинава ара¬лына бесінші толқынға жататын су¬пер мүмкіндікке ие (әзірге әлем ел¬дерінде ондай ұшақ жоқ. Және жақын он жылдың көлемінде F-22 секілді ұшақ жасап шығару ешбір елдің маңдайына бұйыр¬май¬ды да. F-22 ұшағы қарсылас¬тар¬дың ұшағын ұрыс алаңына жет¬кіз¬бей, кем дегенде 250 шақы¬рымнан атып түсіру мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ радарға түспейтін қорғанысы бар, жойқын ұшақ. Әскери сарапшылардың есебін¬ше, бір F-22 ұшағы Ресейдің аты-шу¬лы МиГ-29, Су-27, МиГ-31 се¬кіл¬ді 10-15 ұшағына төтеп бере ала¬ды) 12 F-22 ұшақтарын әкелді. Тынық мұхитында Корей түбе¬гіне жақын маңайда арнаулы бар¬лау қондырғыларымен және зы¬мыранға қарсы қолданылатын қару¬лармен жарақтанған кемелер то¬бы күзетте жүр. Сондай-ақ АҚШ егер де Корей түбегінде со¬ғыс оты бұрқ ете түссе, одақтасы – Оңтүстік Кореяны қорғау үшін (қазір ол елде АҚШ-тың 28 мың¬дық жауынгері тұр) 690 мың сар¬баз және екі мың әскери ұшақ жі¬беруге дайын екендіктерін мә¬лім¬деуде. Сонымен қатар, Токио Пхеньян тарапынан болуы мүм¬кін зымырандық соққыдан қор¬ғау үшін АҚШ-тан «Пэтриот» әуе-қорғаныс кешендерін алу үс¬тінде. Демек, бұл аймақта үлкен бір қақтығыстың болуы шындық¬қа айналып барады.
Жоғарыда болжамда келті¬рілген қақтығыс аймақтарының бірі – Орталық Азия мен Каспий теңізінің маңы. Мұның себептері көп. Ең бастысы – бұл аймақ орасан зор көмірсутегіне бай. Де¬мек, алпауыт елдер арасындағы тар¬тыстың кілті де осы болмақ. Әри¬не, бұл өңір ежелден Ресейдің ық¬палында болып келді. Тек Қы¬зыл империя құлаған соң ғана Мәс¬кеу біраз уақыт «ашса алақа¬нын¬да, жұмса жұдырығында» ұстап отырған аймақтан көз жа¬зып қалған. Алайда өз-өзіне ке¬ліп, күшейе бастаған Ресей соңғы жыл¬дары өзінің кім екенін анық та¬ныта бастады. Әсіресе, геосая¬сат¬та. Мәскеудің империялық тә¬беті жылдан-жылға ашылып ке¬ле¬ді. Соның бірі – Орталық Азия¬¬дағы энергоресурстарды бөлу¬¬де өз ықпалын сақтап қалу үшін жанталасуы. Шындығы ке¬рек, Мәскеу бұл аймақта түпкі¬лік¬¬ті орнығу үшін экономикалық т嬬тік¬¬тер және әскери-саяси ын¬тымақтастық арқылы бар күшін са¬луда. Аталмыш аймақтағы елдер (Түрікменстаннан өзгесі) ТМД кеңістігіндегі Еуразиялық- экономикалық қауымдастыққа, Ұжым¬дық қауіпсіздік шарты ұйы¬мына және Шанхай ынты¬мақ¬тастық ұйымына мүше. Бұл ұйым¬дардың қай-қайсысында да Мәс¬кеу басты рөл атқарады. Де¬мек, аталмыш құрылымдар ар¬қы¬лы Ресей Орталық Азия елдеріне өзін¬дік ықпал ете алмақ. Соның ішін¬де кейінгі кезде көп әңгімеге тиек болып тұрған Ұжымдық қауіп¬сіздік шарты ұйымы. Ба¬сында Мәскеудің жөн сілтеуімен қи¬мылдаған бұл ұйым осы уа¬қыт¬қа дейін ешбір нақты қадамдарға бармай, тек ара-тұра оқу-жат¬тығу қимылдарын өткізгені бол¬маса, негізінен, тек қағаз жүзінде бо¬лып келген еді. Тіпті өткен жаз¬да Ресей мен Грузия арасында бол¬ған бес күндік соғыста да ұйым¬ға мүше (Қазақстан, Қыр¬ғыз¬стан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ар¬мения, Белоруссия және Ре¬сей) елдер ешқандай қайыр көр¬сетпеді. Тіпті Батыстан (дұрысы АҚШ-тан) үркіп, Оңтүстік Осе¬тия мен Абхазияның тәуел¬сіз¬дігін де мойындаған жоқ. Осы¬дан кейін-ақ Мәскеу ҰҚШҰ-ның жұмысын жандандыруға күш салды. Оның алғашқысы Ор¬талық Азияда ҰҚШҰ-ның ая¬сында Жедел қимылдау күштерін құру еді. Ақпан айының төртінде Мәскеуде бас қосқан мемлекет басшылары мұндай құрылымның қа¬жеттігін мақұлдаған. Ортаазия¬лық Жедел қимылдау күштік құрылымы 15-20 мың сарбаздан тұрады. Оған Ресей бір әуе-де¬сант¬тық дивизия және шабуыл¬дау¬шы десанттық бригада (жалпы са¬ны сегіз мың жауынгер) бөлсе, Қа¬зақстан бір шабуылдаушы де¬санттық бригада (саны төрт мың адам) және қалған Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан бір-бір батальоннан бөлмек. Бұл мәселені алдағы 14 маусымда Мәс¬кеуде бас қосатын ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшылары тағы бір пысықтап, өмірге жолдама бер¬мек. Шынтуайтында, Орталық Азия¬да орналасатын Жедел қи¬мылдау күштік құрылымының негізгі міндеті – кіші жанжалдар, экстремистік топтармен күрес һәм есірткі тасымалын тұсаулау жә¬не ел ішіндегі толқуларды басу¬мен айналысу. Дегенмен Ре¬сейдің Орталық Азияда ықпал жүр¬гізуіне бұл аздық ететін се¬кілді. Содан болар, осыдан төрт жыл бұрын көтерілген мәселе қай¬тадан еске алынды. Ол ҰҚШҰ аясында құрылған Ресей-Бе¬лоруссия және Ресей – Арме¬ния¬дағыдай Орталық Азияда өте ірі әскери топ жасақтау. Батыста ор¬наласқан Ресей – Беларусь әс¬кери тобына Белоруссияның бар¬лық қарулы күштері және Ба¬тысқа қарсы қойылған сол маң¬дағы Ресейдің барлық әскери бө¬лім¬д¬ері енген. Сол секілді Кавказ ба¬ғытындағы Армения – Ресей әс¬кери тобы да сондай.
Енді Ресей, Қазақстан, Өзбек¬стан, Қырғызстан, Тәжікстан қарулы күштерін топтастыра оты¬рып (бір басқарылым астын¬да. Ол, әрине, Мәскеу), Орталық Азияда өте ірі әскери топ құрмақ. Бұл әскери құрылымның алға қой¬ған мақсаты – аймақтағы ел¬дер¬дің тәуелсіздігін, жерінің тұ¬тас¬тығын қорғамақ. Оның міндеті – Жедел қимылдау күштік құры¬лым¬дарынан қомақтылау.
ҰҚШҰ-ның Бас төрағасы Ни¬ко¬лай Бордюжа: «Орталық Азия¬дағы ірі әскери топтың құра¬мына осы елдердегі (Түрік¬мен¬станнан өзге) барлық әскери құрылымдар және Каспийдегі әскери-теңіз флоты кірмек. Құрылымның қуаты НАТО-мен бара-бар болуы тиіс», – дейді. Оның пікірінше, бұл «үлкен со¬ғысқа» дайындық. Ақиқатында осы аймақтағы көмірсутегі оты¬ны үшін тартыс алдағы кезде кү¬шейе бермек. Тіпті мұның арты бел¬гілі бір елдер арасында қару¬лы қақтығысқа алып келуі ық¬тимал. Әрине, мұндай жағдайда ел егемендігі сынға түсетін шақ, жаңа¬ғы әскери топтың көмегі сон¬да қажет болмақ. Әзірге бұл – Ре¬сейдің бастамасы. Осы жоба Орталық Азиядағы Қытай мен АҚШ-тың ықпалын әлсірету үшін Ресейге өте-мөте керек. Бі¬рақ бұған Орталық Азиядағы рес¬публикалар келісе ме, жоқ па? Мәселенің үлкені сол болса керек. Онсыз да Орталық Азияда ҰҚШҰ аясында құрылып жатқан Жедел қимылдау күштік құрылымына Тәжікстан әзер дегенде ниет та¬нытса, Өзбекстан «бәзбір опе¬рацияларға қатыса алмаймыз» де¬ген шарт қойғаны белгілі. Ал тұ¬тас¬тай қарулы күштерін Ресейдің бас¬қаруына еш ел бере қоймасы бел¬гілі.
Сонымен қатар Қазақстан се¬кілді көп тармақты саясат ұста¬нып отырған ел үшін Ресей құрып отыр¬ған әскери блоктың құра¬мына кіріп, белгілі бір елге (Қы¬тай не болмаса АҚШ) қарсы тұру қиындық туғызары хақ. Демек, Ресейдің Орталық Азияда ірі әс¬кери топ ұстауға ұмтылуы әзірге іс¬ке аса қоймайтын секілді.

 

 

«Айқын» газеті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499