Марғұлан Сейсенбаев: «Шетелде тығылып жүргендерді елге оралуға шақырамын»
«Альянс» банктің төңірегінде әңгіме басталған кезде аталған банктің сол тұстағы директорлар кеңесінің төрағасы Марғұлан Сейсенбаев шетелге кеткені белгілі болған. Әуелі демалыс деді. Банктің ісі күрделене бастаған да жұрттың бәрі Марғұлан Сейсенбаевты іздеді. Сөйтіп, оның шетелден қайтпағаны мәлім болған. Сол екі арада қаржы полициясы Марғұлан Сейсенбаевқа және банктің тағы бірнеше қызметкерлерінің үстінен ірі көлемде ақша жымқырған дегеп айыппен қылмыстық іс қозғаған. Тіпті, халықаралық іздеу жариялаған. Шекара асқан банкирлердің басы М.Сейсенбаев емес екенін білетін әрі тықыр таянғанда еуропаға тайып тұратындарды көре-көре және ол жаққа кеткендердің жуықта оралмайтынын білетін ел «осы кеткеннен мол кеткен шығар» деп топшылаған. Бірақ, Марғұлан Сейсенбаев елге ораламын деп айтқан екен. Ақыры айналып қазығын тапты.
Елге келген М. Сейсенбаев күні кеше баспасөз мәслихатын өткізді. Журналистермен кездесуде ол бүй деді:

«Мен, «Альянс» банк директорлар кеңесінің төрағасы Сейсембаев Марғұлан Қалиұлы ағымдағы жылдың 25 қазанында Қазақстанға өз еркіммен оралдым. Банктің акционерлері мен менеджерлеріне қарсы қозғалған қылмыстық істі тергеу амалдарына көмектесуге әзірмін. Маған тағылған айып бойынша шындықты анықтау үшін жауап беруге дайынмын. Және банктің активін орнына қою үшін жұмыс жасауға, бизнес қауымның алдында оның беделін көтеруге де әзір екенімді айтқым келеді», деген Марғұлан Сейсенбаев «жаздым, жаңылдым» деп еуропа асқан қазақтар: Рахат Әлиев, Мұхтар Әблязовпен ешқандай қатысы жоқтығын және олардың саяси көзқарастары мен іс әрекеттерін ешуақытта қолдамағанын тіпті, оппозицияда болмағанын жайып салды.
Осылай деп «зар еңіреген» М.Сейсенбаев президентке адал екенін астын сызып тұрып атап өтті.
«Ел президентіне адал болдым, және алдағы уақытта да сол адалдығымда қала беремін. Қалай мен ел басының саясатын қолдамаймын? Егер мен алыс ауылда көп балалы отбасынан шығып, жақсы білім алып, сонан соң Қазақстанда ірі бизнес құрылымын қалыптастырдым. Бизнесмен және азамат ретінде өз келешегімді Қазақстанның болашағымен байланыстырамын және бұдан кейін де ел игілігі үшін еңбек етуге дайынмын», дей келе, ол еуропаны паналап жүргендерді «ауылға» қайтуға үндеді: «Осы жағдайды пайдаланып, шет елде тығылып жүргендердің барлығын елге оралуға, тергеуге көмек жасауға шақырамын. Олардың жауапкершіліктен қашып, Қазақстаннан тыс жерде жүруі өздерінің жағдайын одан әрі қиындата беретінін ескерткім келеді». Сейсенбаевтың сөзі осымен тәмәм.
Сөзінде тұрып қайтып оралған Сейсенбаевтың сөзі осы. Қалғаны тағы да уақыттың еншісінде.
«Абай-ақпарат»