Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6532 0 пікір 31 Шілде, 2017 сағат 16:40

Маңғыстау облысында «Достық шуағы» этномәдени фестиваль – байқауы мен кавказ халқының қолөнер көрмесі өтті

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен  «Гуонлен» жастар орталығы «Береке көзі – бірлікте» атты жоба ұйымдастыруда. Аталмыш жоба аясында 2017 жылдың 28 шілдесінде Ақтау қаласында «Достық  шуағы» атты өңірлік этномәдени фестиваль – байқауы өтті.

Фестивальдің басты мақсаты – елдегі тұрақтылық пен келісімнің қазақстандық үлгісін, бірлікті насихаттау, көрсету.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысында «Достық шуағы» этномәдени фестиваль – байқауы мен кавказ халқының қолөнер көрмесі өтті.

Фестивальде әртүрлі ұлт өкілдері мен шығармашылық ұжымның жетекшілері  қатысты. Сондай-ақ «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінен – Саакян Армен, «Русское землячество» этномәдени бірлестігінен – Байков Олег, Галина Погорелова, лезгин этномәдени бірлестігінен – «Самур» лезгин аспаптық ансамблі, Дағыстан халқының «Дағыстан» мәдени орталығынан – Марина Рахманова және «Нұр» би ансамблі атсалысты.

Ілияс Ақбай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963