Президенттің Алматыға жұмыс сапары Азиада нысандарын аралап көруден басталады
Алматы. 15 қараша. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы екі күндік жұмыс сапары барысында алдағы VII қысқы Азиада нысандарын аралып көреді. Президент дүйсенбі күні жұмыс сапарын шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенін (ШТХК) аралаудан бастап, «Медеу» спорт кешенін аралайды, деп қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Әкімдіктен хабарлағандай, әлемде осындай бірнеше кешен бар. «Алматы трамплинінің айырмашылығы – онда 125 м және 95 метрлік екі трамплині бар. Кешенде өте заманауи медиаорталық бар. Спортшылар үшін барлық жағдай жасалған», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.
ШТХК-да көрермендерге арналған 5500 орындық трибунасы, батыс жағындағы беткейде терасада тұрып тұрарлық 400 орыны бар заманауи көпфункционалды ғимарат салынған.
«ШТХК халықаралық сарапшылар мен спорт шенеуніктері тарапынан қазірдің өзінде техникалық көрсеткіштері мен сәулеті және табиғи орналасуы жағынан әлемдегі ең үздік теп танылды. Алматыдағы шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенін келешекте тек спорттық шаралар үшін ғана емес, сонымен қатар әр түрлі концерттер мен шоу-бағдарламалар өтетін мәдени-ойын сауық кешені ретінде де пайдалану жоспарда», - деді әкімдіктен.

Президент сонымен қатар «Медеу» кешенінің Азиадаға дайындығымен танысады. Мұз айдыны алаңы спорттың коньки жарысы, хаккей, допты хоккей (бенди) сынды аймақтық және халықаралық жарыстар, жаттығулар өткізуге арналған. Әкімшілік мәліметтерінше, мұнда заманауи автоматты салқындату жабдықтары орнатылған, пласткалық көрермен орындықтары ағаш орындықтармен алмастырылған, трибуна астында орналасқан бөлмелерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қоғамдық бөлмелер, оның ішінде баспасөз орталығы, жаппай сырғанау алаңы, мұражай, спортшылардың шешініп-киінетін бөлмелері т.б. қайта жөндеуден өтіп, территорияны абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
Бұрын хабарланғандай, VII қысқы Азия ойындары 30-шы қаңтар мен 6-шы ақпан аралығында Алматы мен Астанада өтеід. Ашылу рәсімі 30-шы қаңтарда Астанада, жабылуы - 6-шы ақпанда Алматыда өтеді. Спорттың 11 түрінен өтетін жарыстарға 45 елден мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Алматы әкімшілігінің мәліметтерінше, Н. Назарбаев жұмыс сапары барысында Қазақ ұлттық аграрлық университетіне, Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясына, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің «Студенттер үйінің» жаңа кешеніне барып шықпақшы. Ол шығыс айналма жолын да қарап шықпақшы.
16-шы қарашада президент Алматыдағы орталық мешітке барып, мұсылмандарды басталған Құрбан айт мерекесімен құттықтамақшы.